Слайд 3: Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады



Дата18.08.2022
өлшемі23,3 Kb.
#148142
Байланысты:
жжжжж
ашық сабақ 5 кл 32, пед 300

Бұл бизнес жоспарым Тобыл қаласында көкөніс ( қызанақ, қияр ) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылады : Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім алу ; Тобыл қаласының тұрғындарын ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету ; Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде пайда түсіру; Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.
Слайд 3: Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады :
өңірде тауар айналымының ұлғаюына; көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға; перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға ; Тобыл қаласының нарығында ( ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің қолайсыздығы ) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға ; жаңа жұмыс орындарын құруға; салық салынатын база құруға
Слайд 4: Өнімнің (қызметтердің ) сипаттамасы : Өнім түрлерінің тізбесі : Томат ( қызанақ ); Қияр
Томаттың сипаттамасы : Томат ( қызанақ ) – бұл негізінен бір жылдық сабақты өсімідік. Қызанақтың жемісінде мыналар болады,% : құрғақ заттар - 4,5-8,1, ерігіш қант - 50, органикалық қышқыл - 3,5-8,5, целлюлозалар - 0,87-1,7, пектиналық заттар - 0,13-0,23.
ТОМАТТЫҢ СИПАТТАМАСЫ:
100 г жемісте, мг: натрий - 4, калий - 268, кальций - 11, магний - 12, темір - 0,6, мыс - 0,097, фосфор - 27, күкірт - 14, хлор - 40, марганец - 0,189. Дәрумендер, мг/1 кг: В,- 0,3-1,6; В2 - 0,5-6,0; РР - 4,3-5, С – 200-450, каротин және басқалары. Томат жемісін томат-паста, томат-пюре, томат шырынан, көкөніс салаттарын, консервілеу, тұздау үшін пайдаланады.. Томаттың жемісі тамақ дайындауға қолданылады. Оларды негізінен жаңа піскен түрінде көп пайдаланады. Томаттың негізгі құндылығы ашық және қорғалған жерлерде оны өсіріп, жыл бойы өнімін алуға болады.
айд 6: ҚИЯРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ:
Қияр — асқабақ тұқымдас бір жылдық жапырақты өсімідік. Қияр өсімдігі жылуды. Жарықты, ылғалды жақсы көреді. Олардың қалыпты өсуі үшін температура +15°С кем болмауы тиіс, әсіресе алғашқы отырғызған күндері, гүлдене бастаған және тұқым байлана бастаған кездерд
Қиярда дәрімендер аздау болады. Мысалы, оның құрамында: С дәрімені- 10-20, В дәрімені- 0,04-0,1, В2 дәрімені - 0,04, провитамина А (каротин) - 0,02-0,06. Қиярды тамақта шала піскен күйінде – жасыл түрінде де пайдаланады. Жас күйінде салат дайындалады, сондай-ақ тұздайды және консервілейді. Құндылығы жағынан қияр көкөністердің арасында соңғы орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар оның жемісі барынша кең тараған өнім болып саналады, өйткені олардың дәмдік сапасы жоғары, құрамында көп көлемде сілтілік тұздар мен микроэлементтер бар. Олар ағзадағы әр түрдлі зиянды құрамаларды азайтуға әсер етеді.
Қаржылық жоспар : Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың теңге Негізгі капиталға инвестициялар 288 573 Айналым капиталы 70 000 Барлығы 358 573
Слайд 9: Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда
Қаржыландыру көзі, мың теңге Сомасы Кезеңі Үлесі Негізгі капиталға инвестициялар 136 200 04-05.2020 38 Айналым капиталы 222 300 04-05.2020, 01.2021 62 Барлығы 358 500 100
Өндірістер бағдарламасы
Сату бағдарламасы өнімді көтерме сатушыларға тікелей жеткізу келісімшарттарын жасасу жолымен, сондай-ақ жарнамалық акциялар өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Көкөніс өнімін өткізудің негізгі нарығы Тобыл қаласы болып табылады. Тобыл қаласының көкөніс өнімдеріне деген күн сайынғы қажеттілігі 320 тоннадан астамды құрайды. Бұл ретте қалаға күн сайын көкөніс өнімі толық көлемде жеткізілмейді, бұл осы тауар бағасының өсуіне ықпал етеді. Тұрақты тапшылық жағдайларында сапалы өнімді өткізу қиындық тудырмайды. Көрсеткіш 2019 2020 2019-2022 Томаттар, тн. 125 219 219 Қияр, тн. 190 333 333 Томаттың шығымдылығы, кг / м2 22 Қиярдың шығымдылығы, кг / м2 33
Маркетингтік жоспар
Маркетингті мақсаты көкөніс шаруашылығы саласының жұмысы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Компанияның нарыққа кіруіне бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың өндірістік қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі (бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола алады. Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті газеттерде, интернет-ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда : - Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы ; - Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі ; - Заманауи жабдықтар ; - Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру
Слайд 12: Жылыжай үшін қажетті жабдықтар тізбесі Жабдықтың жалпы құны 1 924 000 тг. құрайды
Атауы Дана 1 Матамен көлеңкелеу жүйесі барлық алқапқа бір рет 1 2 Жылыту жүйесі 1 3 Тамшылатып суару жүйесі 1 4 Өсімдіктерді булатып салқындату жүйесі 1 5 Электрмен жабдықтау, жарықтандыру жүйесі 1 6 Барлық алқапты электрмен жете жарықтандыру жүйесі, 12 000 лК 1 7 Микроклиматты автоматты басқару жүйесі 1
Қоршаған ортаға әсер
Жоба қосымша экологиялық сараптаманы қажет етпейді, өйткені қолданылатын технология барлық қажетті экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл қызмет қоршаған орта үшін қауіпсіз және Қазақстан Республикасының қағидалары мен заңдарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Осы қызметке байланысты экологиялық тәуекелдер өте аз. Жобаның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі Табиғатқа кері әсерді азайту мақсатында кәсіпорынның жоспарларында табиғаттыт қорғау технологияларын қолдану, қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерлерді барынша азайту жұмыстары бар. Жылыжайдың технологиялық процесі тарапынан қоршаған ортаға әсерді барынша азайту мақсатында, сондай-ақ экономикалық сипаттағы жағдайларды ескере келе дренажды суларды қайталап пайдаланған орынды сияқты. Бұл үшін жобаға дренажды жинау және қайталап пайдалану жүйесі енгізілген.
Бизнес жоспар? Көкеністер жылыжАЙЫ: Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
Осы өңірде осы жобаны іске асыру үшін жеткілікті еңбек ресурстары бар, соған байланысты Компанияның қызметі жергілікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етілетін болады. Технологиялық процестің ерекшелігі мен бірегейлігі білікті мамандардың болуын болжайды, бұл өз кезегінде компания құрамының білім деңгейінің артуына ықпал ететін болады. Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру көкөністі өсіру мен сақтаудың заманауи технологияларын, сондай-ақ тауарларды базарларға өткізу мен жылжытуды практикалық басқаруды игеруге мүмкіндік береді. Осы жоба ел экономикасын дамыту талаптарына толық сәйкес келеді, өйткені оны іске асыру әлемдік стандарттарға, көкөніс өнімі импортын ығыстыруға ықпал ететін жылыжай қызметі шаруашылықтары қызметін дамытуға сәйкес келетін болады. Ұсынылып отырған жоба бүгінгі күнге өзекті болып табылады. Осы жоба : - өңірде тауар айналымының ұлғаюына ; - көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға ; - перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға ; - астана нарығында ( ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің қолайсыздығы ) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға ; - жаңа жұмыс орындарын құруға; - салық салынатын база құруға ықпал ететін болады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет