Тақырып: «Нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорын»



Дата04.01.2022
өлшемі16,4 Kb.
#109578
Байланысты:
f5fed3edcf02a20 (1)


Тақырып: «Нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорын»
Жоспар:

  1. Нарықтық жүйе мәні

  2. Экономикалық қызмет түрлері

Халық шаруашылығы дамып, экономикалық өркендеу кезінде, өндірістің негізгі түйіні – кәсіпорынның мәні, маңызы тереңдеп, атқаратын рөлі арта түседі. Кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында алға қойған мақсатын орындау жолында, төмендегі өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы, мол табысқа кенелмек. Оларға: еңбек ресурстары, техника, өнім өндіру технологиясы, табиғи ресурстар, өндірістің негізгі және айналым құралдары, капитал және т.б. жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қызметі еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге өзінің үлесін қосады.

Нарықтық экономиканың басты принципіне байланысты, қандайда болмасын шаруашылық субъектілері, ол адам болсын, жанұя, топ, ұжым, кәсіпорын мүмкіндік түрде жұмысты іске асыруына және экономикалық қызметте кәсіпкерлік түрін таңдап алуына құқықты.

Экономикалық қызметте кәсіпкерлік түріне әртүрлі өнім, тауар өндіру, қызмет көрсету, сол сияқты сауда делдалдық, қаржы-несие, ғылыми-ақпарат, басқару жұмыстары, яғни өңдіріс шеңберіндегі кез-келген жұмыс түрі, бөлісу және қайта бөлу, айырбас, тұтыну және қоғамдық өнімді пайдалану және т.с.с. жобалануы тиіс. Бұлардың бәрі заңға сәйкес, оған қайшы келмеуі керек.



Кез келген экономикалық өндіріс үрдісіндн жаңалану цикліндегі типтік фазамен байланысты (өндіру – айырбас – бөлу – тұтыну) экономикалық қызметтерді кәсіпкерлік жұмыстарға, өндірістік, коммерциялық және қаржылық түрлеріне бөлуге болады.

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл түріне өндіріс тауарларын өдіруге бағытталған, өнімді тұтынушыларға сату жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсыну жатады. Сонымен қатар, өндіріс міндетінде негізгі мақсаттан, атап айтқанда өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуінен басқа: өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және т.с.с. қосымша қызметтер кәсіпорынның негізгі міндетін толықтырады.

Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл түріне негізінен тауар-ақша және тауар айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады. Мысалы, тауарды сатып алу барысында сатудың төмендегідей негізгі коммерциялық кезеңдері анықталады:

  • Тауардың (қызметтің) түрін таңдау;

  • Жоғары сапалы тауарға сатып алу бағасын белгілеу;

  • Өндірген тауарға деген сұранысын бағалау

Қаржылық кәсіпкерлікте сатып алу және сату объектісі ретінде құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), валютаны, ақшаны жатқызуға болады.

Қаржылық мүмкіндігі мол сатып алушыларды тарту және оларды анықтау, іздеу жөнінде маркетингтік жұмыс пен нарықтағы құнды қағазға талдау жүргізу арқылы қаржы – несие келісімдерді іске асыруға жол ашылады. Қаржы кәсіпкерлігіндегі негізгі қатысушы ретінде қаржы биржасы саналады. Қазіргі кезде құнды қағаз нарық агенттеріне биржалардан басқа коммерциялық банктер, кәсіпорындар, мекемелер, жеке азаматтар, кәсіпкерлер жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет