Сабақтың тақырыбы: Курстық жұмысты орындау кезеңдері Жоспар Зерттеу жұмыстарын орындау кезеңдері



бет1/2
Дата24.04.2023
өлшемі19,12 Kb.
#175288
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1. 24.04.2023 Педагогика - дәріс
Алғашқы функция және интеграл БЖБ №1

Күн: 24.04.2023 ж.
Топ: 4 УМ-2
Пән: Педагогика
Сабақтың тақырыбы: Курстық жұмысты орындау кезеңдері
Жоспар

  1. Зерттеу жұмыстарын орындау кезеңдері

  2. Зерттеу жұмыстарын орындауда әдістерді таңдаудың алғышарттары

Зерттеу жұмыстары, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру, эксперимент жүргізуге студенттерді дайындау, эксперимент жоспарын құра білу, оқушылармен зерттеу жүргізудің әдіс – тәсілдерін меңгеру, эксперимент қорытындысын өңдеу сияқты зерттеу жұмыстарының өзіндік критерийлік мәселелерін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттеді (И.Д. Андреев, Ю.К.Бабанский, В.И.Журавлев, Н.А. Сорокин, Н.Е.Соколова, Ш.Таубаева, Н.Д.Хмель, С.Н.Лактионова, Н.Шаметов, И.Б.Васильев, К.Өстеміров және т.б.)
Аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, эксперименттік жұмыстар, оның жүргізілу шарты, мақсат – міндеттерін анықтау мәселелеріне тоқтала келе, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау процесінің бірнеше мәселелерді шешумен байланысты екенін анықтадық. Олар:
- ұйымдастыру мәселесі;
- зерттеу мәселесі;
- әдістемелік мәселе;
- практикалық мәселе.
Жұмысты ұйымдастыру мәселесіне тақырыпты таңдау, жоспар құру, кітапхана каталогымен жұмыс істеу, әдебиеттерді оқу, жиналған материалдарға талдау жасау әрі жіктеу, жұмыстың тақырыбын белгілеу, оларды редакциялау, иллюстрациялау, безендіру жатады.
Курстық жұмыстарды орындау бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңнен аттап өтуге болмайды. Әр кезеңнің мазмұны жұмыстың жоспарын белгілейді.
Курстық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді:
1. Зерттеу тақырыбын таңдау.
2. Оның өзектілігін негіздеу.
3. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4. Зерттеу нысанасын белгілеу.
5. Нысана туралы білімдерді игерту.
6. Мәселені көтеру.
7. Зерттеу пәнін анықтау.
8. Болжам жасау.
9. Зерттеу жоспарын құру.
10. Зерттеу әдістерін анықтау.
11. Белгіленген жоспарды жүзеге асыру.
12. Болжамды тексеру.
13. Зерттелінер нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау.
14. Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу тақырыбын таңдау ең жауапты кезең. Қазіргі кезде көптеген ғылыми салаларға байланысты тақырып саны, оның ішінде теориялық немесе практикалық қайта өңдеуде, ғылыми тұрғыдан қаншалықты жұмыстар жүргізуге болады. Осындай кең саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде – кім болса да нені қалай бастауға болатынын білмейді. Сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы тақырып таңдауға, ғылыми жұмыспен алғаш айналысатын тәжірибесі аз адамға көмегін тигізеді және тақырып таңдағанда қай тақырып өзін қызықтырады соны ескерген дұрыс және оны өзінің практикалық қызметінен іздеу қажет.
Студент, Сіз үшін:
Тақырып таңдағанда өзіңіздің мүмкіндігіңізді, қабілетіңізді, бейімділігіңізді, сол тақырып бойынша теориялық білім деңгейіңізді ескеріп отырған жөн!
Тақырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі, бұрын қайда және қашан зерттелінгені, ненің әлсіз, ненің терең зерттелінгені, таңдалған тақырыптың өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі қажеттілігін ашып көрсету.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болуы керек, ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын көрсетеді. Міндеттер әдетте 3-4 немесе 5-6 пункттен тұрады.
Зерттеу объектісі – педагогикалық құбылыс шеңберіндегі зерттелетін мәселе. Бұл жерде негізгі сұрақ 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет