Өсімдік майларын өндіруге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар



Дата07.05.2023
өлшемі14,21 Kb.
#176219
Байланысты:
Документ (1)


Өсімдік майларын өндіруге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар:



  1. Майлық тұқымдарды қайта өңдеуде технологиялық процесс, өсімдік майын өндіру объектілерінде ағымды механикаландырылған операциялар өткізілуін қамтамасыз ететін технологиялық жүйені қолдану қарастырылуы тиіс.

  2. Ағымды технологиялық жүйе келесі реттіліктегі операцияларды қарастыруы тиіс:

1) майлық тұқымдарды қабылдап алу, өлшеу және сақтау (күнбағыстың, сояның, рапстың, мақтаның тұқымдары);
2) шикі затты органикалық және неорганикалық қоспалардан тазарту;
3) соққылау;
4) қауызын бөліп алу;
5) пішіндеме алу - (білікті станокта ұсақталған шикі зат);
6) езбені алу - (езбені бумен және 105 градусқа дейін қайнатылған сумен өңдеу);
7) езбені престеу жолымен май алу;
8) рафинадталмаған майды престеу немесе тұндыру әдісімен тазалау;
9) майды құю, сақтау және сату;
10) шротты сақтау және сату.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет