Түсті металдарды дәнекерлеу
27.03.20
Көмір электродымен электр доғалы пісіру. Пісірудің бұл түрі көпшілігінде жауапкершілігі аз бұйымдар үшін шектеулі қолданылады. Пісіру қолменен көмір, жиірек графит электродымен тура полярлы тұрақты тоқпен жүргізіледі. Электродтағы тоқтың тығыздығы әдетте, 200-400 А/см2 құрайды. Қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі металдардың түйіс жалғасын жиектерін дайындамай пісіреді, ал қалыңдығы одан көп металдарды жиегін 70-900 бұрышпен дайындап пісіреді. Пісіргеннен кейін, жіктерді соққылау ұсынылады. Қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі металдан жасалған жалғастарды қыздырусыз соққылайды, ал металдың көбірек қалыңдығында 8000С –температурасына дейін қыздырып, соққылап, кейінен жылдам салқындатады.
Қаптамалы электродтармен қолмен пісіру. Пісіру үшін 3Т және «Комсомолец-100» электродтарын пайдаланады. «Комсомолец-100» электродында сырық ретінде М1 және М2 мыс сымы қолданылған, ал 3Т электродында Бр.КМц3-1 қоласынан жасалған сырық қолданылады.
Қамтамалы электродтармен мысты пісіруді кері полярлы тұрақты тоқпен жүргізеді. Қыздырмай және жиегін дайындамай қалыңдығы 4 мм-ге дейінгі мыстарды пісіреді. Металдың қалыптығы 5-10 мм –де, алдын ала 250-3000С температурасына дейін қыздырады және 60-700бұрышпен жиегін біржақты өңдейді және жиектің үшкірлігін 1,5-3 мм болуын қарастырады. Үлкен қалыңдықтарда Х-тәріздес өңдеу ұсынылады. Қалыңдығы 20мм –ден астам мыстарда, жіктің жақсы сапасын, металды 700-7500С температурасына дейін қыздырғанда алуға болады. Пісіруді қысқа доғамен диаметрі 4-6 мм электродтармен, электрод ұшын тербелтпей орындайды. Пісіру тоғының күшін электрод диаметріне байланысты: Ісв= 50 dэ таңдайды.Түйіс жалғастарды графитті немесе металды төсемелердің үстінде пісіреді.
Флюс астында пісіру. Мысты флюс атында автоматты пісіру қамтамалы электродтармен қолмен доғалы пісірумен салыстырғанда бірқатар маңызды артықшылары бар. Олардың ең бастысы – доға флюс көбігінде жанғандықтан және жылудың шашырау шығынының ең төмендігінен, пісіру жиектерін алдын ала қыздырмай орындау мүмкіншілігі. Жиектерін тек қана пісіру алдында қыздырады. Мысты флюс астында пісіруді кері полярлы тұрақты тоқпен балқытылған флюстер АН-20, АН-28 және АН-348А, ОСЦ-45 (қалыңдығы 20мм-ге дейін металдар үшін), сондай-ақ керамикалық флюс ЖМ-1 және М1, М2 пісіру сымдарын пайдаланып орындайды. Жеке жағдайларда Бр.КМц3-1 таңбалы қоладан жасалған пісіру сымын қолданады. Бұл сыммен пісірілген жіктердің беріктігі жоғары, бірақ жылу өткізгіштігі мен электр өткізгіштігі төмен.
Түйіс жалғастардың пісіруін жиектерін өңдемей және саңылаусыз, бір өтумен толық балқытып орындайды. Металдың қалыңдығы 15 мм жоғары болғанда, қосарланған (бөлектеліп) электродты пайдалану ұсынылады. Электродтардың бұндай орналасуы түйісетін жиектердің толық балқуын қамтамасыз етеді, жік қалыптасуын жақсартады және пісіру жігінде балқытылған металдың ортақ ваннасында кеуек, қож қосындылары мен кристаллизациялық сызаттардың қалыптасуына мүмкіншілік бермейді.
Қорғаушы газдарда пісіру. Мысты пісіруді балқытып және балқымайтын электродпен орындайды. Мысты пісіру, үшін қорғаушы газдар есебінде аргон, гелий, азот немесе олардың қоспаларын пайдаланады. Сондай-ақ, мысты сутегі ортасында пісіруге болады. Балқымайтын вольфрам электродымен МЕСТ 10157 -62 бойынша А және Б таңбалы тазалығы жоғары аргонда мысты пісіру кеңірек таралды. Қалыңдығы 4мм-ден жоғары металды 8000С температурасына дейін, алдын ала қыздырумен пісіреді. Металл қалыңдығы көп болған сайын, оны алдын ала қыздыру температурасы солғұрлым жоғары болуы керек. Қосынды металл есебінде Бр.Х07 немесе Бр.КМц3-1 хромды қоласынан жасалған пісіру сымын пайдаланады. Балқитын электродпен пісіруді кері полярлы тұрақты тоқпен орындайды. Қалыңдығы 4-5 мм-ден аспайтын мыс үшін, диаметрі кіші (1,2-2,4 мм) пісіру сымымен жартылай автоматты көп қабатты пісіру кеңінен таралды. Пісіру тоғының күші 400А-ге жетеді. Қалыңдығы 10мм-ге дейінгі металдарды жіктің басында ғана қыздырумен (кейде 200-3000С температурасына дейін жеткілікті) пісіреді. Қалыңдығы үлкен бөлшектерді алғашқы және пісіру кезіндегі қыздырумен пісіреді. Пісіргенде Бр.КМц3-1 қола сымын пайдаланады.
Мыс негізіндегі қорытпаларды пісіру. Жезді пісірудің негізгі қиындығы – пісіру үрдісінде жез құрамындағы мырыш елеулі бұланады және жанады, бұл жік металында мырыштың құрамын азайтады және оның сапасын нашарлатады (кеуек пайда болады, беріктігі төмендейді). Әсіресе электрод металындағы мырыш қарқынды жанады. Мұнда қоршаған кеңістік, адам денсаулығына зиянды мырыштың буы және оның тотықтарымен, ластанады.
Сұрақ;
Қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі металдан жасалған жалғастарды қалай соққылайды?
Флюс астында пісіру?
Қалыңдығы 4мм-ден жоғары металды қалай пісіреді?
Достарыңызбен бөлісу: |