Бөлшектерді зақым келтірмей ажыратып алуға болмайтын қосылыстарды ажыратылмайтын қосылыстар деп атайды. Ондай қосылыстарға пісірілген, заклепкалы және желімделген қосылыстар жатады.
Пісіріп қосу деп, дене малекулаларының қосылыс күштеріне негізделген, бөлшектердің аздаған аумағын қыздырып, пластикалық күйге жеткізіп, белгілі күшпен қысып немесе балқытып қосатын арыратылмайтын қосылысты айтады.
Машина бөлшектерін пісіріп қосу өте берік қосылыстардың бірі болып табылады, олардың беріктігі белгілі жағдайларды біртұтас бөлшектердің беріктігінен кем түспейді. Сондықтан пісіріп қосу қазіргі заманғы өндірісте кеңінен қолданылады.
1-сурет.
a) заклепкалы,
b) пісірілген қосылыстар.
Бөлшектерді пісіріп қосудың заклепкалы қосылыстарға қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Атап айтқанда:
1. Заклепкалы қосылыстарды пісіріп қосумен алмастырғанда 15-20 % метал үнемделеді.
2. Пісіріп қосу заклепкалы қосылысқа қарағанда берік келеді, себебі заклепка қондырылуға арналған тесіктер қосу денелерінің қима ауданын кемітеді.
3. Пісіруге керекті жабдықтардың бағасы мен пісіру техналогиясы арзан және де оларды автоматтандыруға болады.
Қазіргі кезде осы артықшылықтарына байланысты пісіріп қосу заклепкалы қосылыстарды толық алмастырып келеді. Мысалы, көпірлер, құрылыс конструкциялары, жүк көтергіш крандардың металл конструкциясы түгел пісіріп қосу арқылы құралады.
Пісіріп қосудың аздаған кемшіліктері де бар. Мысалы, қыздыру арқылы қосқанда бөлшектер қимасында аздаған күш кернеуі пайда болады және заклепкаға қарағанда айнымалы күштерді нашарлау қабылдайды.
Бірақ, қазіргі уақытта пісіріп қосудың жаңа әдістері, атап айтқанда, диффузия құбылысын пайдаланып пісіру, электрон сәулесімен пісіру, үйкеліспен пісіру немесе инертті газдың бүркемесімен пісіру кеңінен пайдаланылып келеді. Сондай ақ, осы әдістер арқасында легирленген болттардың және түсті металл қорытпаларын беріктігін кемітпей, пісірумен қосуға болады. Сонымен қатар, қазіргі кезде осы әдістермен өте жіңішке (d = 0,1 мм) сым темірлерден бастап қалыңдығы бір–екі метрге дейін жететін қорап бөлшектерін де пісіру арқылы қосуға болады.