Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы»



бет1/36
Дата06.02.2022
өлшемі3,32 Mb.
#79375
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
ВМС каз
умк хто-17-1

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы»

5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»


мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Мазмұны

1

Глоссарий

2

Дәріс оқулар

3

Зертханалық сабақтар

4

Студенттің өзіндік жұмысы


Глоссарий



  1. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) – молекулалық массасы 5000 артық және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстар

  2. Молекула ішілік процестер – нәтижесінде құрамы, кейде макромолекула химиялық құрамы да өзгеретін, бірақ әдетте реагенттерді қосып алусыз жүретін процестер

  3. Каучуктер вулканизациясы – көлденең байланыстары бартізбектік макромолекулалардың кеңістіктік вулканизациялық торға бірігуі нәтижесінде каучуктің резинаға айналуының технологиялық процесі.

  4. Иілгіштік–макромолекулалардың жылулық қозғалыстың, не сыртқы күштің әсерінен пішінін өзгерту қабілеті

  5. Гомополимер – бірдей мономерден құралған полимер

  6. Изоиондық нүкте (ИИН) – тек өзінің ионогенді топтарының диссоциациясымен анықталатын полиамфолиттің сулы ерітіндісінің рН шамасы (бөгде иондар болмаған жағдайда).

  7. Изоэлектрлік нүкте (ИНТ) – тізбектің орташа қосынды заряды нольге тең болған кездегі полиамфолит ерітіндісінің рН шамасы.

  8. Конфигурация–полимер тізбегінің синтездеу кезінде қалыптасқан химиялық құрылымы, оның изомерлік пішіні

  9. Конформация– молекуланың ішкі айналуының салдарынан өзгере алатын, атомдар мен топтардың кеңістікте салыстырмалы орналасуы

  10. Концентрлі ерітінді –еріген заттың молекулалары бір бірімен байланыса алатын ерітінді

  11. Ісіну — бұл полимер көлемінің артуымен және оның макромолекуласының конформациясының өзгеруімен жүретін, полимердің төмен молекулярлы ерітіндіні сіңіру процесі.

  12. Молекуладан ірі құрылымы–макромолекулалардың мөлшері мен көлемі буындардың мөлшері мен көлемінен бірнеше есе артық, кеңістікте бөліп алуға болатындай элементтерге бірігу қасиеті

  13. Шексіз ісіну – бұл өздігінен еруге айналатын ісіну

  14. Шекті ісіну – ерумен ілестірілмейтін полимерлердің төмен молекулалы ерітінділермен әрекеттесу процесі.

  15. Полимерлер – бұл химиялық байланыстар арқылы ұзын тізбектерге біріккен, бірдей немесе әртүрлі буындардан тұратын жоғары молекулалы қосылыстар.

  16. Полимергомологтар – бұл полимеризация дәрежесі әртүрлі бір полимердің макромолекулалары.

  17. Полимераналогтар – бұл полимеризация дәрежесі бірдей химиялық құрылымы әртүрлі полимерлердің макромолекулалары.

  18. Полидисперстілік – молекулалық массасы әртүрлі макромолекула фракциясының қатынасы.

  19. Полимераналогты түрленулер – макромолекула функционалдық топтарының құрылымының өзгерісіне әкелетін, бірақ полимеризациялану дәрежесі және негізгі тізбек құрылымы өзгермейтін реакциялар.

  20. Полиэлектролиттер – макромолекуласында иондарға диссоциаланатын ионогенді тобы бар жоғары молекулалық қосылыстар

  21. Полиамфолиттер – құрамында негіздік және қышқылдық топтары бар макромолекулалар, ортаның рН байланысты қышқылдық немесе негіздік қасиеттерді көрсетеді

  22. Полимерлену – мономерлердің активтік орталыққа тізбектеліп қосылуының нәтижесінде макромолекулалардың түзілу процесі

  23. Поликонденсация –көп функционалды қосылыстардың функционалды топтарының әрекеттесуінен жоғары молекулалық қосылыстар түзілу реакциялары

  24. Тігілген сополимерлер – бұл негізгі тізбек бір мономер буындарынан, ал бір жақ жанындағы тізбек басқа мономерлерден тұратын полимерлер.

  25. Сұйытылған ерітінді –полимердің тізбекті молекулалары іс жүзінде бір бірімен әрекеттеспейтін ерітінді

  26. Полимерлену дәрежесі–макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны

  27. Сополимер – тізбегінде бірнеше типті мономерлік буындар бар полимер

  28. Статистикалық сополимерлер – бұл буындарына тұрақсыз орналасу тән полимерлер.

  29. Ісіну дәрежесі– полимер массасы немесе көлемі бірлігіне қатысты, полимердің сіңірген сұйықтығының мөлшері.

  30. Күй теңдеуі – тепе-теңдіктегі қысым, көлем, температура, концентрация және жүйенің басқа да параметрлерін байланыстыратын теңестіру.

  31. Полимерлердің химиялық айналулары – бұл макромолекула құрамының, құрылымының немесе полимеризациялану дәрежесінің өзгеруіне әкелетін реакциялар.

  32. Кезектесетін сополимерлер–бұл буындары ұдайы орналасқан полимерлер.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет