Дәріс 2 - Полимерлердің молекулалық массалары Дәріс жоспары:
1. Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау
2. Полимерлердің молекулалық-массалық таралуы.
3. Полимерлерді фракциялау
1.Кез келген полимер молекулалық массасының шамасына біртекті емес немесе полимолекулалы. Полимердің М.М. анықтау үшін M = mPтеңдеуі қолданылады, мұндағы m – элементарлы звеноның молекулалық массасы, Р – полимерлену дәрежесі немесе полидисперстілік – тізбектегі звено саны полимерлену дәрежесі деп аталады. Полимерлер әртүрлі молекулалық массадағы макромолекула қоспасынан тұратындықтан, оларды М.М.- ның орташа мәндерімен сипаттайды.Ортасаңдық, орташамассалық, орташаседиментациялық және басқа да М.М. анықтау әдістері бар.
Mn–орташасаңдық молекулалық масса полимердің жалпы массасының макромолекуланың жалпы санына қатынасымен анықталады: , немесе , мұндағы ni – саң мәні, Fni – Mi молекулалық массалы макромолекуланың сандық үлесі. Тәжірибеде Мn осмометрия, криоскопия, эбулиоскопия әдісімен анықтайды және макромолекуланың соңғы топтарды анықтау әдісімен анықтайды.
Орташамассалық М.М. – немесе – қоспадағы әрбір фракцияның массалық үлесін есептейді: , немесе , мұндағы qi=niMi – масса, ал Fωi – Mi молекулалық массалы макромолекулалардың массалық үлесі. Тәжірибеде – жарықшашырау әдісімен анықтайды.
2. ММТ қисығы бойынша полимердің алыну механизмін анықтайды. ММТ негізгі сипаттамасы шыңның орналасуы және қисықтың ені болып табылады. ММТ құрастырғанда ордината осінде фракция үлесін, ал абсцисса осінде полимердің ММ енгізеді. ММТ негізгі сипаты қисықтың шыңңың биіктігі және қисықтың ені болады. Қисық ені жалпақ болған сайын, соғұрлым полимер полимолекулярлы.
1 сурет. Молекулалық массалық таралудың интегральды және дифференциальды қисықтары
3. Полимергомологтар қоспасын молекулалық массасына қарай іріктеп, бөлуді фракциялау дейді. Фракциялауды препаративтік және аналитикалық әдістермен жүргізеді. Препаративтік әдісте полимерді алдымен молекулалық массасының өзгеруіне қарай әртүрлі фракцияларға бөліп алып, қажетті қасиеттерін қарастырады. Аналитикалық әдісте молекулалық массалық таралу полимерлерді жеке фракцияларға бөліп жатпай, оның белгілі бір қасиеттерінің молекулалық массасына тәуелділігіне сүйене отырып алынады. Препаративтік әдістің үш тәсілін ажыратады: еріту, тұндыру және температураны өзгерту арқылы фракциялау. Фракциялап еріту әдісінде полимерді еріту қасиеті біртіндеп өсіп тұратын сұйықтармен өндейді. Бөлшектеп не жүйелеп тұндыру әдісінде полимерді алдымен қолайлы еріткішке ерітеді, содан кейін белгілі бір әдіспен тұндырады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: полимердің молекулалық массасы, орташамассалық молекулалық масса, орташа саңдық молекулалық масса, молекулалық-массалық таралу, полимерлердің молекулалық массасын анықтау әдістері.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Полимер құрылымы қандай параметрлермен сипатталады?
Полимерлердің полидисперстілігінің және полифункциональдықтың себебі неде?
Полимерлердің молекулалық массалары және молекулалық массалық таралуы немен сипатталады?
Ұсынылған әдебиеттер:
Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2003, 368 с.
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы. Авторлар ұжымы.Алматы: Санат. – 1995. 211-240 б
Стрепихеев А.А., Деревицкая В.А. Основы химии высокомолекулярных соединений: Уч. пособие. М.: Химия, 1976. 436 с.
Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Высш.школа, 1992. 512 с.
Шур А.М. Высокомолекулярные соединения: Уч. Пособие. 3-е изд., перераб. и доп. М.: Высшая школа, 1981. 656 с.
Тагер А.А. Физико-химия полимеров: М.: Химия, 1978. 544с.