Өндірістік процесс



Дата19.03.2022
өлшемі1,52 Mb.
#136129
Байланысты:
Өндірістік процесс терминология
Аттестация документы, Аттестация документы, Аттестация документы, 109-28.Нурмаганбет Диана, 109-28.Нурмаганбет Диана, Садибек Нұрсұлу ХНК-6 БӨЖ 1, Алимбаева Улбосын Философия 4 срс, kovalenk-arph0dud37q, Дәрістер-Философия 2020-2021 (1)

Өндірістік процесс

Орындаған: Жаңбырбайқызы Жансая; Авбаширова Назерке; Орынбасарова Жансая; Уайсова Аружан;


С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Кез-келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.

Кез-келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.

Кәсіпорындағы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.

Өндірістік процесс өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай:

    • жай;
    • күрделі болып бөлінеді.

Өндірістік процестердің күрделілігі — кәсіпорынның түрлі бөлімдер мен цехтарының, сондай-ақ өндірістік бөлімшелерінің қызметіне байланысты. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілетті, сапалы, тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын өнім өндіру бүгінгі күннің басты міндетіне айналып отыр. Өндірістік процестер екіге бөлінеді:
    • еңбек заттарының нысандары мен сапаларын өзгертетін процестерді технологиялық процесс деп атайды.
    • еңбек заттары нысандары өзгермейтін процестерді технологиялық емес процестер деп аталады.

Негізгі процесс технологиялық процесс болып табылады, яғни бұйымдардың шамасы, өлшемі, физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Технологиялық операция техникалық қуаттардың жетілуіне қарай:
    • қолмен атқарылатын операция;
    • машина-қолмен;
    • машиналық;
    • автоматты;
    • аппаратты болып бөлінеді.

Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп аталады. Технологиялық операция — бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өндеу тобының дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын өндіріс процесінің бөлігі.
Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланылатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал-жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.)
Қызмет көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім шығармайтын процесс, оған қатыстылар:
    • тасымалдау;
    • қоймалық операциялар;
    • технологиялық бақылау.

Басқару процесі — өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

Басқару процесі — өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы — көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуді талап етеді.

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:

    • жекелеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандандыруды тереңдету — еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;
    • үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді;
    • қатар даму — өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген құрылымдарында қосарласа орындалуы. Мақсат — еңбек аясын кеңейту;
    • аралас даму принципі - бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни шикізатты өндеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс-әрекеттерді қамтиды;
  • үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толассыз өндірісті алуға болады;
  • ырғақтылық — технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы;
  • автоматтандыру принципі - өндіріс процесін әлемдік деңгейде автоматтандыру.

Сұрақтар:

  • Өндірістік процес дегеніміз не?
  • Өндірістік процесстің күрделілігі дегеніміз не?
  • Технологиялық операция дегеніміз не?
  • Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет