Excel электрондық кестеде формуламен жұмыс жасай білуді қалыптастыру. Берілген түрлі математикалық формулаларды есептеуді үйрету, мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі жұмыс әрекеттерін орындауды үйрету.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Оқушыларды топқа бөлемін. Үй жұмысы «Бинго» ойыны арқылы сұрақ-жауап әдісімен сұралады. ДЖИГСО әдісі арқылы жаңа сабақты меңгеру.
Оқушылармен амандасып жұп және тақ сандар бойынша топқа бөлу.
Бағалау критерилерімен таныстыру (сабақта оқушыларды топбасшылары смайликтер арқылы формативті бағалап отырады)
Үйге берілген тапсырманы бекітуүшін «Бинго» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша интерактивті тақтада сандар берілген, әрбір санның артында сұрақтар бар.
Сұрақтар: Excel- ді қалай іске қомасыз?
Электрондық кестеде қанша баған, қатр және бет бар?
Формуланы енгізу үшін қандай белгіні қояды?
Кестеге қандай деректерді енгізеді?
Ұяшық адресін қалай табады?
Бағананы қалай үлкейтеміз және кішірейтеміз?
Кестеде қатар мен бағана қалай белгіленеді?
Деректерді қалай сақтаймыз?
Электрондық кестені кімдер және қандай мақсатта пайдаланады?
Электрондық кесте деп аталу себебі неліктен?
Неге электрондық кестені кітапша деп атайды?
Электрондық кестеде бөлшек сандарды қалай енгізеді?
Автотолтыру әдісін қалай орындайсыз.
Ұяшық дегеніміз не?
Мұғаліммен амандасады. Оқу – құралдарын түгелдеп, бар назарын сабаққа аударады. Мұғалімнің нұсқауымен жұп сан және тақ сан деп аталады.
Қай оқушының саны шықса «Бинго» деп айтады, берілген сұрақтарға жауап береді.
формативті
Кеспе қағаздар, презентайия
Тұсаукесер
2 мин
Жаңа сабақты ашу үшін электрондық кестедегі берілген ұяшық адресі бойынша жасырын сөзді табу қажет.
Бір оқушы шығып жасырын сөзді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын жазады.