Сабақтың тақырыбы: Жолдар. Жолдармен орындалатын операциялар
Object Pascal-да мәтіндерді өңдеу үшін жолдар қолданылады. Жолдардың төрт түрі болады:
1) қысқа жол ShortString немесе String [n] (мұндағы n<=256) Shortstring айнымалы типі статистикалық тұрғыда программа орындалғанға дейін символдар саны бұл жолда 255 тен аспауы керек;
2) Ұзын жол LongString;
3) Кең жол WideString.
Longstring және Widestring айнымалы типі динамикалық тұрғыда программа жұмыс істеп тұрған кезде жолдың ұзақтығына шектеу қоймайтын тип;
4) нөлмен аяқталатын жол Pchar. Коды нөл символмен аяқталады.
STRING жолдық типінің ұзындығы айнымалы болып келген жады бөлігін анықтайды, әрбір символ 1 байттан орын алады. Object Pascal тіліндегі символ үшін CHAR типі пайдаланылады. STRING дегеніміз – бұл бірінен соң бірі тізбектеле орналасқан CHAR типті символдар.
Әрбір жолды символдардың бір өлшемді массиві деп қарастыруға болады. Жолдың символдарына оның сол жолдағы рет нөмірі бойынша сілтеме жасауға болады.Нөлмен аяқталатын жолда оның өлшемі туралы айқын мәлімет болмайды. Сондықтан оның ұзындығын анықтау үшін Length немесе StrLen стандартты функциялары қолданылады. Ал SizeOf () функциясы бөлінген жадының өлшемін білу үшін қолданылады.
Жалпы түрде құрылымның жазылу форматы мынадай:
Айнымалы: String;
немесе
Айнымалы: String [ұзындығы]
Бұл жердегі:
Айнымалы – айнымалылар аты;
string – Жолдық типті білдіретін кілттік сөз;
ұзындығы– бүтін типтегі тұтақты.
Жолдық типтегі айнымалыны көрсету: name: string [30]; buff: string.
Жолдармен орындалатын операциялар
Жолдық типтер үшін жалғастыру операциясы анықталған, орындау нәтижесінде жаңа жол алынады. Мысалы:
1. first__name: ='Меруерт';
last_name: ='Байсалова';
ful_name: =first_name+last_name;айнымалы ful_name Меруерт Байсалова' мәніне ие болады.
2. S: = „Object‟ + „Pascal‟; // S-тің мәні “Object Pascal”;
Сондай-ақ, жолдарды салыстыру белгілері арқылы салыстыруға болады:
“=” – тең, “<>” – тең емес, “>” – үлкен, “<” – кіші, “>=” – үлкен
немесе
тең, “<=” – кіші немесе тең.
Жолдарға қолданылған салыстыру операцияларының нәтижесі логикалық тип болады, ол екі мәнмен сипатталады: True немесе False. Жолдар байт бойынша солдан оңға қарай салыстырылады. Әрбір символдар жұбы олардың ішкі кодировкасына сәйкес салыстырылады.
Қорытынды:
1.Жол неден тұрады? Жолдық типті сипаттаудың қандай жолдары бар?
2.Бір жолға қанша символ жазуға болады?
3.Жолдық айнымалы мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?
4.Қандай жолдық стандартты функциялар бар? Олардың міндеттері қандай?
5.Қандай жолдық процедуралар бар? Олардың міндеттері қандай?
6.Символдарды қалай сипаттауға болады?
7.Бүтін сандарды жолдық типке ауыстыруға бола ма?
8.Нақты типті жолдық типке қалай ауыстыруға болады?
Тапсырма: Массивті қолданып футбол командасының тізімін шығару
unit Unit1;
interface
uses
Winapi.Windows, Winapi.Messages, System.SysUtils, System.Variants, System.Classes, Vcl.Graphics,
Vcl.Controls, Vcl.Forms, Vcl.Dialogs, Vcl.StdCtrls;
type
TForm1 = class(TForm)
Label1: TLabel;
Button1: TButton;
procedure Button1Click(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.dfm}
const
NT = 5;
var
team: array[1..NT] of string[10]=('Зенит','Динамо','Ротор','Спартак','СКА');
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var
st:string;
I:integer;
begin
for i:=1 to NT do st:=st+IntToStr(i)+' '+ team[i]+#13;
Label1.Caption:=st;
end;
end.
Достарыңызбен бөлісу: |