Сабақтың тақырыбы: Курстық жұмысты орындау кезеңдері Жоспар Зерттеу жұмыстарын орындау кезеңдері



бет2/2
Дата24.04.2023
өлшемі19,12 Kb.
#175288
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1. 24.04.2023 Педагогика - дәріс

«кім?» және «не?» зерттелінетіні турлы болуы керек. Зерттеу нысанасының қызметі зерттелінетін құбылыс шеңберінде болады.
Құбылыстың немесе әрекеттің неге бағытталатынын анықтау үшін эксперимент нәнін анықтау керек. Эксперимент аспектісі негізінде жаңа теория, жаңа білім алынады.
Зерттеу пән ізерттелінер құбылысты немесе әрекетті білдіреді. Зерттеу пәні, оны анықтау мәселелері, эксперимент жүргізу, мәселені анықтаумен тікелей байланысты. Жоғарыда аталып келтірілген ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе зерттеу пәнін анықтауда зерттеушіге, яғни студентке немесе мұғалімге жауапты іс жүктеледі.
Мәселені көтеру. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында бір немесе бірнеше мәселе болуы мүмкін. Негізгі мәселені көтеріп, жан – жақты ашып беру зерттеу жұмысының құндылығы болып табылады.
Болжам жасау (гипотеза). Зерттеу пәніі алдын –ала белгілеп, «мынадай жұмыстарды жүргізгенде, осындай нәтижеге қол жеткізуге болады», - деп, алдын – ала болжам жасап айту.
Педагогикалық әдебиеттерде гипотезаға әр түрлі анықтамалар берілген: Гипотеза – (грек, hypotesis – негіздеу, болжау) деген мағына береді. Ғылым дамуының формасы, құбылыстың себебін заңдылыққа сәйкес сипаттау /5,306/. Болжам (версия) – болған істің ақиқатын анықтау үшін жазылған бір немесе бір – бірінен айырмашылығы бар бірнеше мағлұмат /4,393/. Яғни болжам жасау дегенімізден шығатын қорытынды бір айқындалмаған істі немесе құбылысты, затты, мәселені шешу үшін фактілерге сүйене отырып, алдын–ала жорамал жасау.
Зерттеу жоспарын құру барысында мақсат – міндеттер негізінде тақырыпқа байланысты педагогикалық эксперимент ұйымдастырылып, экспериментті жүзеге асыру жоспары құрылады.
Зерттеу әдістерін анықтау.Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дұрыс таңдап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өңдеуден өткізу, соңынан талдау жасау, сосын жұмысты қорытындылау қажет.
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру. Зерттеу тақырыбының, міндеттерінің негізінде зерттеу нысанысына алдын – ала жоспарланған ғылыми болжамда көрсетілген пункттерді практика нәтижесінде көру.
Болжамды тексеру.Жоспар бойынша эксперимент жұмысының нәтижесінен кейін бақылау, эксперименті негізінде алдын – ала жасалынған ғылыми болжамның дәлдігі, айқындығы анықталады. Болжамның дұрыстығы зерттеу жұмысында мақсатқа жету деп түсіндіріледі.
Зерттелінетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау.Жалпы мәселе, оның көкейкестілігі бойынша зерттеу жүргізуде зерттеу нысанасының,егер ол тірі адам болған жағдайда оның психикалық ерекшеліктерін толық меңгеру керек. Алдын – ала зерттеу жүргізбес бұрын оның жай – күйін, қандай жағдайларда зерттеу жүргізуге болатынын білу керектігін анықтау қажет.
Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу нәтижесі бойынша белгілі бір шешімге келу және сол шешімнің дұрыстығына, ақиқаттылығына, дәлдігіне көз жеткізе отырып, нәтиженің практикалық маңыздылығын анықтау. Оны басқа да зерттеушілер өз іс – тәжірибесінде қолдануына жағдай жасау, әдістеме ұсыну.
Курстық жұмыстың құрылымы:кіріспеден, теориялық және тәжірибелік бөлімдерден қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспебөлімге негізінен ғылыми ақпарат кіреді. Олар: зерттеу жұмысында көрсетілген өзекті мәселе, зерттеу орны, мақсаты, міндеттері, зерттеудің әдістері, болжамы әдіснамалық негізі, ғылыми ізденіс жұмысының кезеңдері анықталады. Кіріспе бөлімде сонымен қатар зерттеу жұмысының ғылыми – практикалық мәні және эксперименті жүргізу жолдары, оны тәжірибеде пайдалану мәселелері анықталады.
Алғашқы тарауларда ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау дасалады. Ондай талдау мына ретте жүргізіледі:
1. Зерттелетін мәселенің тарихи – педагогикалық жағдайы, зерттеліну деңгейі.
2. Қазіргі педагогика, психология ғылымдарының философиялық негіздері.
3. Білім берудің жаңа сипатына қарай оқытудың жаңа технологияларын пайдаланудың ғылыми – практикалық негіздері.
4. Қазіргі педагогикалық - психологиялық әдебиеттер негізінде мәселені шешудің тұжырымдамалары.
5. Теориялық бөлімде нақты, анық түрде тақырыптың мәнін ашатындай сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды жасалады.
Келесі тараулар (2 және 3 тараулар) тәжірибелік, яғни практикалық бөлім болып есептелінеді. Бұл тарауда алғашқы 1-тарау бойынша мәселе нені көтереді, оны практикада жүзеге асырудың жолдары, мәселенің шешімінің эксперимент арқылы көрінісін ашып көрсете отырып, зерттеу нәтижесінің болашағы, зерттеудің құндылығын белгілей отырып, алдағы уақытта зерттеу нәтижесі бойынша әдістемелер ұсынылады немесе зерттеуді күрделендіріп, одан әрі дамытады. Сондай–ақ ғылыми педагогикалық–психологиялық зерттеу әдістері арқылы педагогикалық тәжірибе жұмыстары жүргізіледі. Бұл бөлімдегі тәжірибе жұмысын студенттің өзі жүргізгені тиімді болады. Тәжірибе жүргізер алдында күні бұрын тәжірибе жоспары құрылып, міндеттер бойынша іске асырылады.
Ескерту:
Курстық жұмыстардағы зерттеу мәселесін әдетте екі тарау арқылы баяндайды (1 - тарау теориялық негіздеуге арналса, 2 - тарау тәжірибелік–практикалық мәселеге арналады). Ал кей жағдайларда зерттеу жұмысының ауқымына, күрделілігіне, эксперименттің маңыздылығына қарай ол екі немесе одан да көп тараулардан тұруы мүмкін.
Қорытынды тақырып бойынша әрбір тараулардан кейін және жалпы жұмыс туралы қорытынды жасалынады. Қорытынды бөлімде 1- тарау қаралған мәселе, 2- тарау практика қалай нәтиже береді, эксперимент қорытындысы, кіріспеде көзделген мақсат, міндеттердің орындалуы және болжамның дұрыс немесе бұрыстығына, нәтиже қандай деңгейде екендігі туралы баяндалады.
Ұсыныста қорытынды негізінде тәжірибенің тиімділігі анықтала отырып, тиімді әдіс–тәсілдердің үлгісі беріледі.
Әдебиеттер тізімі. Қолданылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі алфавиттік рет бойынша құрылуы тиіс және газет, журналдардағы қолжазбалар тізімі де енгізіледі.
Қосымшаға жалпы ғылыми жұмыста қолданылған тестік сұрақтар, зерттеуші ұсынған бағдарламалар, үлгі–тақырыптар сияқты зерттеу барысында қолданылған әдістемелік құралдарды енгізуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет