Педагогикалық іс тәжірибе өткізу жағдайы және ұйымдастырылуы: Мен



Дата13.01.2022
өлшемі142,64 Kb.
#111659
Байланысты:
ПРАКТИКА ЕСЕБІ


ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Студент: Ешмухамбетова Аяулым

Курс: 3


Тобы: 307

Практикадан өткен мектебі: №48 орта мектебі



Педагогикалық іс тәжірибе өткізу жағдайы және ұйымдастырылуы:

МенЕшмухамбетова Аяулым , Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің 3 курс, 307-топ студенті 2021 жылдың 05 мен 30 сәуір аралығында Алматы облыс, Іле ауданы, Екпінді аулы №48 орта білім беретін мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде іс-тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибеден өту үшін маған бастауыш сыныптар және 6 сынып бөлінді.

Мен тәжірибе барысында көптеген кәсіби тәжірибе жинадым. Нақтырақ айтқанда, мінезі әртүрлі балалармен тіл табысып, сабырлы болуды үйрендім. Әртүрлі әдістерді қолданып, сабақ өту барысында қосымша тәжірибе алдым. Жаңартылған білім мазмұны мен жаңа заманауи оқытуға арналған білім платформаларымен таныстым.

Аталған педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімімді практика жүзінде тиімді әрі ұтымды қолдануды жақсы меңгердім. Оқушылармен және мектеп ұжымындағы мұғалімдермен жұмыс менің болашақ педагог ретіндегі тәжірибемді арттырды. Оқушылар алдында тәжірибе жүзінде мектеп бағдарламасы және сабақ кестесі бойынша сабақ өту менің өз мамандығыма деген үлкен қызығушылықты одан әрі арттыра түсті.

Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, оларға талдау жасап, барлық оқу жоспар түрлерімен таныстым. Бекітілген сыныптар бойынша оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыратын дидактикалық материалдар мен көрнекті инновациялық құралдар дайындау менің ізденісімді арттыра түсті.

Тәжірибе барысында мұғалім бола алатыныма және балалармен жұмыс жасай алатыныма көзім жетті.



Практикадан өту барысында оқу-танымдық іс тәжірибесінде қалыптасқан тұлғалық және кәсібилік біліктілігім артты деп сеніммен айта аламын. Мектептегі іс тәжірибеден өту барысында болашақ мамандығыма деген қызығушылығым одан әрі арта түсті. Болашақта осы алған тәжірибемді жұмыс орнымда тиімді пайдалана аламын деп сенемін.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет