9-сынып
Қазақ әдебиеті
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
Кіші Орданың ханы Нұралыны Донсковқа хат жазуға итермелеген не? А) Орынбор жиынына қатыса алмау себебін түсіндіруі
Б) Айшуақ сұлтанға қайтара алмай отырған мал-жан есебі
С) Хан қолында дербес биліктің болмай, ел ағаларына қарайлап отыруы
Д) Сырым Датұлы бастаған қазақтардың орыс қамалына шабуылдауы
[1]
Шығарма желісіне арқау болған негізгі мәселе?
А) Ресей империясының отаршылдық саясатын ашықтан ашықтан-ашық көрсетуі, ел
тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына алған билер мен батырлар, ел ағаларының
азаттық үшін күресі
Б) Нұралы ханның ел арасындағы өзекті мәселені шеше алмай, халықтың дағдарысқа түсуі
С) Ресей империясының генерал-фельдмаршалы Григорий Александрович Потемкиннің
қолбасшылық дарыны мен батырлық түр-тұлғасын көрсету
Д) хан мен қара халықтың арасындағы наразылық, биліктің алауыздығы мен
жағымпаздық.
[1]
«Құдай бетін аулақ қылсын,әрине, бірақ ертең ел бір жаманышылыққы ұрынып қалар болса,олардың обалы ел ағасының,-қам қаракетсіз қол қусырып отырып қалған мұның мойнында өмір бойы кетпей ме?!»
«Иә,дайындалу керек! Даярланбаса болмайды! -деп батыр іштей тас-түйін қатайып алды.» үзіндінің жалғасын жазыңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[1]
Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынан берілген үзіндідегі қарамен берілген сөз тіркесінің астарында қандай мағына жатыр?
Тірісің -туған ана тілің барда,
Өлісің- түп тамырың жұлынғанда.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[1]
Самсаған қара орманым – байтақ елім, Сынға сап сан жақсыны байқап едің. Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,
Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің! – деп жырлаған Н.Айтұлының шығармасындағы -«Бәйтерек» сөзі қандай мағынаны білдіреді? (2-3 сөйлем).
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[1]
2-БӨЛІМ
Шығармадағы аштықтың азабын композицияның қай тұсында анығырақ байқай алдыңыз? Ойыңызды 5-6 сөйлем талдап жазыңыз.
[3]
7. «Ия, Сырым шырағым!
Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың.
Жоқтан бар болдың!». Автор стилін сақтай отырып, өлең жолдарын жалғастырыңыз (1-2 шумақ).____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[3]
8. Ошақтың үш бұтындай үшкіл, қазақ,
Ел болып еңсе көтер, күш қыл, қазақ.
Сиырдың бүйрегіндей бытырасаң,
Қашанда көрер күнің мүшкіл, қазақ!
Берілген жолдардағы ақын тілінің ерекшелігін талдап, стиліне баға беріңіз.
[3]___________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Бәйтерек» поэмасындағы автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасаңыз. Өз ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
[3]___________________________________________________________________________________________________________________________________________
Көненің қалып қоймай шиырында,
Жол тапты асулардың қиынында.
Жұртының аманаты жүрегінде,
Дәуірдің ауыр жүгі иығыңда! - деген жолдарда жас ұрпаққа қандай сенім артып отыр, дамытып жазыңыз.
[3]
3-БӨЛІМ
Тақырыптың бірін таңдап, сыни мақала жазыңыз.
«Тар кезең» романының әдебиеттегі орны (қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдаңыз).
«Бәйтерек» поэмасындағы қазақ халқының өткені мен бүгіні (қазақ әдебиетіндегі мазмұндас шығармалармен салыстыра талдаңыз) [10]
Достарыңызбен бөлісу: |