9-сынып Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы Тараз 2020


«Адам жанының құпиясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет24/46
Дата06.11.2022
өлшемі258,5 Kb.
#156707
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
9-сынып аза дебиеті (о ыту аза тілінде) Жиынты ба алау тап

«Адам жанының құпиясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа



Оқылатын шығарма:

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы,Т.Айбергенов «Сағыныш», Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»

Оқу мақсаты:

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас
туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау



Бағалау критерийі:

Білім алушы Шығарманы өзге өнер түрлеріндегі мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және
көркемдік құндылығына баға береді.



Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут



Тапсырма.
Берілген мәтіндерді мұқият оқып, XIX ғасырдағы қазақ әйелдерінен шыққан қоғам қайраткері, Абылай ханның келіні, Уәли ханның әйелі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным ханымды Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесімен салыстырып, көркемдік құндылығын бағалаңыз,кестені толтырыңыз.
[8]
А мәтіні
Айғаным бейнесі.Айғаным ханымның бұл қонысында атақты қазақ болыстары, серілері мен ақын-жыраулары жиі болған. Атақты Құнанбайдың өзі қонысқа табан тіреген. Құнанбай Айғанымнан ел ішіндегі дауға байланысты Омбыға тергеуге шақырылғанда, осы Айғаным Шоқанды ортаға салып аман алып қалған екен.Қоныстағы шаңырақтан дәм татқандардың қатарында Орынбай, Арыстанбай, Шөже, Жанақ секілді өз дәуірінің дүлділдері бар еді.
Орыстың зерттеуші-ғалымдары да бұл жерге жиі тоқтайтын. Атақты Жанақ ақыннан Шоқан осы жерде тәрбие алып, қазақтың лирикалық-эпосы «Қозы Көрпеш, Баян сұлуды» небәрі алты жасында жаттап алғаны тарихтан белгілі. Шоқанның алғашқы прозалары мен «Едіге», «Еркөкше» дастандары туралы жазбалары осы Сырымбетте жазылған. Айғаным ханым – қазақ тарихында өз бетінше билікке қол жеткізген өз заманының қоғам қайраткері, ел басқарған хан, еуропаша білім алып, бірнеше тіл меңгерген, ұрпақ тәрбиелеген тәлімі мол ана, әже ретінде өз ізін қалдырған тұлға. Уәли 1819 жылы дүниеден өтеді. Ақылды ханым жесір қалғанына жасымай, билік үшін күресуге бел буады. Айғаным ханым туралы деректерге тоқталсақ, ол 1783 жылы дүниеге келген. Анасы өзбек қызы болған. Әкесі Сарғалдақ көзі ашық адам болып, Айғанымның білім алуына жағдай жасайды.
Шоқан Уәлихановтың таңдамалы жинақтарында «Шоқанның әжесі Айғаным парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған әйел. Ол шығыстың бірнеше тілін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен және Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазып, байланыста болған. Архив мәліметтеріне қарасақ, Айғанымның қоғамдағы орны, саяси көзқарасы, ойлаған ой мүдделері өте ауқымды болғанын аңғарамыз» деген мәліметтер берілген. (225сөз)
Ә мәтіні
Ұлпан бейнесі.Ұлпан өзін Есенейден жоғары қоймайды, артық сезінбейді, байлықты малданып, айналасына ызғарын шашып, бекер өктемдік қылмайды. Өйткені, оның бойында «Қырық есекке жүк болатын» сайқалдық, күншілдік, ардан безу жоқ. «Жеті жылдан бері малымен болып кеткен адамның әділ би деген атағы көмескі тарта бастап еді. Ұлпанның атағымен бірге қайта көтерілді. Ұлпан олай ойлай қоймаса да, Есеней солай сезінді. 
– Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда. 
– Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! – деді Ұлпан. – Сенсіз мен кім болар едім?.. »
 «...Жас әйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Өз айтарын әуелі Есенейге айтқызып алып, өз байламын әуелі Есенейге байлатып алып жүр. Есеней де «мына қатын былай деп еді» деп Ұлпанның атын шығара сөйлейді...»
«Бұл әйел жалғыз Есенейді ғана бағындырып алған жоқ, бес болыс Керей-Уақтың руларына түгел беделі бар адам. Әуелі Александар II патшамыздың реформасын жасады. Есенейдің барлық жерін еліне бөліп берді. Бөліп бергенде қандай ауыл-ауылға қыстауды да, егіндік-шабындық жерді де тұтас берді. Бұл араның қазағына егін салдырды. Шөп шаптырды, қыстау салғызды. Сондықтан бұл елді жартылай отырықшы дей аламыз.(178 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет