2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді.
Мәдениет ____________________________________________
Жауабы: Мәдениет адамдардың жасауы бойынша екі түрге ажыратылады.
1.Адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелер материалдық мәдениетті құрайды.
Материалдық мәдениетті ________________________________________________
2. Көшпелілердің рухани мәдениетінің дамуы тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды.
Рухани мәдениетінің дам________________________________________________
________________________________________________________________________
Киіз үй — Орталық Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Орталық Азия халықтарының____________________________________________
__________________________________________________________________________
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Тарихымыздағы________________________________________________________
________________________________________________________________________
Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ»,-деп жазады Шоқан Уәлиханов.
Шоқан Уәлиханов____________________________________________________
_________________________________________________________________________
Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде көрсететін аңыздар да бар.
Татулықтың белгісі______________________________________________________
_________________________________________________________________________
7. Мұны «төр» сөзi Орхон-Енисей жазбаларында мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.
Орхон-Енисей жазбаларында _____________________________________________
_________________________________________________________________________
8. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды.
Жер сілкінісінде ________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Жер сілкінісінен________________________________________________________
________________________________________________________________________
Көшпенділердің киіз үйі- ғасырлар бойы өз құндылығын жоймай келе жатқан құнды мәдени жәдігер.
Ғасырлар бойы_________________________________________________________
_________________________________________________________________________
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
1.Қандай қасиетіне қарап киіз үйді көшпелі мәдениет үлгісіне жатқызуға болады?
_________________________________________________________________________
2.Неге шаңырақ бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы? Кем дегенде
2 әсерін көрсетіңіз.
________________________________________________________________________
Киіз үй неліктен бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоймай келе жатыр? 2 дәлелді жазыңыз.
________________________________________________________________________
31
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
Достарыңызбен бөлісу: |