9-сынып, «Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау №2
Оқушының аты-жөні: _________________________________________________
Оқу мақсаты 9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі
мәліметтерді салыстыру, өңдеу
9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу
9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екі
жақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе);
Тапсырма
1. Тақырыпқа қатысты тілдік бірліктерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындаңыз. Берілген графиктік мәтіндердегі ортақ тақырыпты анықтаңыз. Көтерілген мәселелер бойынша қандай айырмашылықтар бар? Екі мәтінде көтерілген мәселелердің қайсысы маңызды деп ойлайсыз? Пікіріңізге мәтіннен дәлел келтіріңіз. Осы мәселені қандай жолдармен шешуге болады?