Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы



Дата11.03.2022
өлшемі310,5 Kb.
#135026
Байланысты:
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
9 Chemistry фак, 9 Chemistry фак, 9 Chemistry фак, 9 Chemistry фак, Зейін және ес! 2 топ, Зейін және ес! 2 топ, Қазақстандық және шетелдік педагогикалық технология авторларына салыстырмалы талдау, Қазақстандық және шетелдік педагогикалық технология авторларына салыстырмалы талдау, Қазақстандық және шетелдік педагогикалық технология авторларына салыстырмалы талдау, СӨЖ. апта

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев)
Қазіргі кездегі математикалық білім баланың интеллектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл салада, біз сөз еткелі отырған технологияның алар орны ерекше.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математикалык білім технологиясы 1964-1996 жылдар арасында академик П. М. Эрдинеетің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалык, жұмыстың иәтижесінде өмірге келді.

П.М.Эрдниев "дидактикалық бірліктер" деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген.
Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады.
Академиктер В. Журавлев, А. Маркушсвич т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп, "ғасыр идеясы" деп таныған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады.
Оқушының білімінін сапасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің ролі зор.
Бүгінде ДБІ жаңашылдық технология ретінде әр-түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.
Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братек т.б. қалардың тәжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан професеор Т. Қ. Оспаноетың жетекшілігімен жазылған "Математика" оқулықтары осы теорияга негізделген.
Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
1. Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту.
2. Түра есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
3. Деформацяланған жаттығуларды пайдалану.
4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.
Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту практикасы "қосу мен азайту", "кобейту мен бөлу" бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр.
Біріншіден бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.
Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.
Мысалы:
Түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрскетінің ішкі потенциалды резеритерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі "кері байланыс" заңының іске қосылуымен тиімді.
ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару "кері есеп" ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П.К. Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты.
Кері есептерді шығару, түра есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.
Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. "Математикадағы басты нәрсе - ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу". Кез келген түра есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады.
Біріншіде екі санның қосындысы, кебейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді, қызметін атқарады.
Жаңа буын оқулыққа бес түрлі: қосындыңы табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кен санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.
"Кері есеп" ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жаныңа портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады.
Столда 5 кітап бар, ал портфелъдегі кітаптардың 3-уі артық. Портфельде қанша кітап бар?
Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па кен бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдыңда, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдагы кітаптың одан 3-уі кен. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады.
Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана "кері есеп" ұғымы енгізіледі.
Осы типтердегі есептерді көрнекіліктер арқылы шешуді меңгерген кезде төмендегідей абетрактылы есептерге көшуге болады.
Білім беру технологиясында жаңа бағдар- витагендік оқыту әдісі тілдерді меңгеруге айтарлықтай пайда келтіретіндігін өз тәжірибемізде сынап көрдік.
Оқытудың бұл технологиясын. Ресейдің педагогика ғылымдарының академиясының академигі, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер А.С.Белкин ұсынған болатын.
Оқытудың бұл теориясы - мұғалім мен оқушының шын мәнінде ырнтымақтасып,нақты нәтижеге жетуге болатындығын көрсеткен еді.
Оқыту үрдісінде витагендік әдісті жүзеге асыру голографиялық тәсіл негізінде өмірге байланысты жүргізілсе оның танымдық қызығушылықты жетілдіруге ерекше ықпал ететіндігін тілдерді оқыту тәжірибесінен әр жақты байқауға болады.
Бұл жердегі голография деп отырғанымыз-ұғым түсініктегі әржақтылық, былайша айтқанда, оқушы кемінде үш ұғымды тоғыстыра алуға машықтануы тиіс екендігінде, білім алудағы негізгі ұғым түсініктерді өздігінен ойлаумен жалғастырып, өзінше іздену мен пайымдауға қол жеткізетін, соған ынталандыратын жол-жосық. Витагендік әдіс, яғни ынтымақтасудың нәтижесі білімдік таным-түсінікті өздігінен ізденіп, өздігінен ой топшылайтын пайымдауға әкелетіндіктен тілдерді оқытуға былайша жүзеге асырылды.
Сыныпта оқитын оқушыларды қай тілге жетіктігіне қарай топтастырып және өздерімен кеңес берілген тапсырманы орындау жөнінде түсінік берілді.
Содан кейін компьюерде көбейтілген тапсырманы әрбір оқушыға үлестіріп бердік. Екі тілде көрсетілген сөйлемді өзі жетік біледі деп саналған тілге аударып, нұсқада көретілген ақ жерге толтыруды тапсырдық.
Жұмыс нәтижелі болу үшін алдымен блек қағазға жазып, бір тоқтамға келгеннен кейін көрсетілген үлгіге көшіру керектігі айтылды. Тапсырманы орындау барысында бір-біріне бөгет жасамау және жұмыс аяқталғаннан кейін тиісті топ бойынша талқылау болтындығы ескертілді .
Оқыған кітаптарын естіген мағұлматтарын ой елегінен өткізіп сарапқа салады.

Адамның құндылықтарды білмеуі ақпараттың жеткіліксіздігінен және оған мән бермеуден туатындығына тұлғаның көзі жетіп, ізденіс үстінде мәселеге саналы қарауды мойындай түседі. Бұл білім алу үрдісіндегі қозғаушы күш болып табылады.


Тапсырманы орындау барысындағы оқушының ойлау белсенділігі, яғни өзі білетін және нақты түсініп отырған мағұлматты келесі тілде дұрыс жеткізуге деген ынтасын арттыра түседі.
Дәлірек айтсақ, көрсетіліп отырған тапсырманы орындауда оқушы білімділік, зерттеушілік, рухани, өзінше іздену, әлеуметті пайымдау жасауға жаттығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет