9-сынып Нұр-Сұлтан қаласы, 2021 жыл Құрметті мұғалім! Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы»


«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет8/17
Дата14.03.2023
өлшемі1,33 Mb.
#172349
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
1 ОШ БЖБ Қазақстан тарихы 9 сынып қаз
c3ab93c7affda4d54c46572d5d3e9597, Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция, КөРініс, 10 янв., Документ 14

«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырыптар

XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы.
XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы.

Оқу мақсаты

9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру
9.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді

  • Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
1. Кеңестік білім беру мен ғылым саласындағы реформаларға баға беріңіз.

2. XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуына мысалдар келтіріңіз.


  1. Берілген пікірлерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Австрияның «Вег унд циль» журналы «....» романын қазақ халқының тарихына байланысты кең алып бағалайды. «Біздің көз алдымызда Бас ақынның өмір тарихы тар кемерінен тасып шыққан жеңімпаз, өрен өзен сықылды, сол кездегі көшпелі қазақ халқының тарихына астасып кеткен. Жазушы үлкен суреткерге тән нәзіктілікпен, толып жатқан әсем детальдармен, үш ұрпақты көрсететін туған халқының келелі кезеңін көзімізге елестетеді»,-деп жазды.
Шетел оқушылары мен сыншыларының пікірлерін көрсететін түйінді ой Лейпциг қаласында шығатын «Дер библиотекарь» журналында жарияланды. Неміс сыншысы Герберт Кремпиен: «Жазушының «...» еңбегінде өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі, сол кездің әдет-ғұрып тұрмысы, сол күйінде, әр қырынан, өз сатысымен тамаша бейнеленеді. Бұл кітаптың аты немісше «Таң алдында» деп аталады. Бұл ат болашақ зор даңқы шығатын жаңа ақынның дүниеге келуімен бітпейді. Ол сонымен бірге ғасырлар бойы артта қалған бүтін бір халықтың енді-енді қалыптасып келе жатқанын, оның тарихында тұңғыш рет еркін болашаққа қадам басқанын көрсетеді»,- деп жазды.
Берілген пікірлерде қандай жазушы туралы ақпарат берілгендігін анықтаңыз.




Жазушыны әлемге танытқан еңбектің атауын жазыңыз.




«Жазушы үлкен суреткерге тән нәзіктілікпен, толып жатқан әсем детальдармен, үш ұрпақты көрсететін туған халқының келелі кезеңін көзімізге елестетеді»- деген пікірді түсіндіріңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет