9-сынып оқушыларына кірме бақылау
Оқу мақсаты:
|
8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы
Тыңдалған мәтінді түсіндіреді
Мәтіннің астарлы ойын анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Қолдану
|
Орындау уақыты:
|
20 минут
|
Тапсырма
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
– Аға, күлкі күнінің қарсаңында сізбен қазіргі сатираның жай-күйі туралы әңгімелесуге келіп тұрмын. Осы сізді визиткасына «Көпен Әмірбек атындағы сыйлықтың лауреаты Көпен Әмірбек деп жазып алған» дейді. Сықақшыларға ешбір атақ, мемлекеттік сыйлық берілмейтінін меңзегеніңіз бе?
– Өзімнің атымдағы сыйлықты өзіме жазып жүргенім атаққұмар пенделерге астарлап айтқан пародиям ғой. Оны біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Кеше ғана көз алдымызда жүрген көкелерiмiз Оспанхан Әубәкiров, Шона Смаханұлы, Қалтай Мұхамеджановтардың қайсысы қай лауреаттан кем? Тiптi, жыл сайын берiлетiн Президент стипендиясының тiзiмiнен де тiрi сықақшы таппайсыз. Бір жағы соны әзілдеп жазған түрім.
– Кеңес үкіметінің кезінде сатираға цензура қойылды. Соның өзінде Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкiровтер қоғамдағы келеңсіздіктерді ебін тауып сынап, сатира тілімен түйреп жататын. Ал қазір ешбір цензура да, шектеу де жоқ. Бірақ қоғамдағы келеңсіздіктерді түйрейтін, шымшитын, уытты саяси сатира жоқ. Неге?
– Сықақшылардың көбі «аш бәледен қаш бәле» деп ойлайды-ау деймін. Тыныш жатқан жыланның құйрығын басудан да қорқатын болуы керек.. Ресейде сатириктер президентінен бастап, билік басындағыларды аямай сынайды. Жемқорлық, ұйымдасқан қылмыс, парақорлық - мұның барлығы Ресейде уытты тілмен сахнадан айтылады. Ал біздің сықақшылар мұндай тақырыптарға бара бермейді.
– Сайыпқыран сықақшының бірісіз ғой. Өзіңіз неге осы тақырыптарды жазбай жүрсіз?
– Сыбайлас жемқорлық, парақорлық, мафиямен күресу мәселелері құқық қорғау органдарының құзіретінде қалып қойды. Шіркін-ай, сол мафиялардың атын атап, түсін түстеп жазайыншы дейсің-ау. Қазір сенің жазғаныңды ешкім шыбын шаққан құрлы көрмейді. Бұрын не жазсаң, кімді түйресең, содан қорытынды шығатын, жауап берілетін.
– Аға, біздегі пародия жанрының жағдайы да мәз емес-ау. Пародист Олжас Сыдықбек о баста Иманғали Тасмағамбетовтің, Жүрсін Ерманның, Бекболат Тілеуханның дауысын салып танылып еді. Басқа әзіл-сықақ театрларының да пародияны қатырып жатқаны шамалы. Ә десе бәрі Мақпал Жүнісоваға, Нұртілеу Иманғалиға, Жанар Айжановаға пародия жасайды. Пародия жанры тоқыраудың үстінде ме қалай?
– Сен Олжас Сыдықбек, Аманғали, Дәркендер, таусылды дейсің. Олар таусылған жоқ. Бізде пародияға ілігер тұлғалар таусылды. Кезінде мен пародия жасаған Шерхан Мұртаза қария болды. Мұхтар Шаханов та шал тартып бара жатыр. Олжас Сүлейменов өзінің тіршілігімен шет елде жүр. Пародия аты алты алашқа мәлім, бүкіл халық білетін тұлғаларға жасалуы керек. Ал біздің тұлғалар кәрістің еккен пиязы секілді маусымдық тұлғалар ғой. Бір маусымнан соң таусылады. Тұлға болмаған соң пародия да жоқ. Сондықтан жағдай осындай болып тұр.
Әңгімелескен: Қарлыға ИБРАГИМОВА
«Халық сөзі» газеті
Сұрақтар:
Сұхбат берушінің пікірінше, қазақстандық сықықшылардың ресейлік сықақшылардан қандай кемшілігі бар?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сықақшылардың «аш бәледен қаш бәле» деп ойлауының себебі неде?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Пародия жанрының тоқырау себебі неде болуы мүмкін?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Клише:
Менің ойымша негізгі ойы ... . Оған ... дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |