Үстел үстіндегі түрлі балық суреттері бойынша оқушылар алты топқа бөлініп отырады.
Сазан, бекіре, лақа, шортан, көкбас, албырт
Оқушылар ортада тұрып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі алар бағамыз
Кілең бестік болсын.
Табыс критериімен таныстыру
1.Мысал жайында білемін
Өлеңнің негізгі ойын түсінемін
Суретке қарап әңгіме құрауға үйренемін .
Тәкаппарлықтың жаман қасиет екенін білеміз.
Негізгі бөлім
Балалар біз бүгінгі сабағымыз не жайында екендігін білу үшін топ болып тапсырмалар орындайық.
1.«Топтастыру» стратегиясы
2.Мақтаншақтық қандай әдет?
3.Мақтаншақ адам қандай болады?
Ендеше бүгінгі сабағымыз Ш.Смаханұлының «Тәкаппар» мысалы.
Мысал туралы мағұлмат беру
Шона Смаханұлы Тараз облысында туған. (1924-1988)
Ұлы Отан соғысына қатысқан, белгілі қазақ ақыны, сатирик (сыншы). Оның балаларға арналған «Шимайбек пен Шыңқ етпе», «Қу түлкінің сыбағасы» өлеңдері бар.
Мысал дегеніміз не? Мысал – қызықты қысқа шығарма. Мысал өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Бүгінгі танысатын мысал мақтаншақ балық туралы .
Бұл мысал өлеңді жазған белгілі сықақшы – Шона Смаханұлы. Мысал көбіне жағымсыз әрекетті сынауға, шенеуге құрылады, мысалда нақыл сөз болады.
Мысалды оқыту, мазмұнын түсіндіру
Мысалдағы басты кейіпкер не?
Слайд арқылы мысалдың мазмұнын айтқызу
Мысалда балық қандай бейнеде берілген ? ( ақымақ, мақтаншақ, өркөкірек, тәкаппар)
- Мысалдан сусыз өмір сүргісі келген балықтың жайы суреттелген жолдарды тауып оқы.
- Осы мысалдағы негізгі ой не ?
Оқушыларға тізбектете оқыту.
Мысалды оқиға желісіне қарай бөліктерге бөлеміз.
Әр шумаққа ат қою. Мысалы:
1. Мақтаншақ 2.Тулаған теңіз
3. Балықтың қиналуы. 4. Балықтың зары мен өкініші
Сөздік жұмысы
* Тәкаппар – мақтаншақтық, менсінбеу, өркөкірек, өзімшіл, менмен
* Құрлық – сусыз жер
* Даттапты – жамандады
* Өңеш – қорек өтетін жол
* Желбезек – тынысалу мүшесі
Балықтың суретінен желбезекті көрсету. Сазанның тынысалу мүшесі – желбезек.
Желбезек желбезек доғаларынан құралады. Желбезектің осындай нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады.
Өңеш- ас қорыту жүйесінің жұтқыншақ пен асқазан аралығындағы бөлімі.
Балық – рыба -fish , теңіз – море - sea,
су- вода – water, құрлық – суша – drying
Топпен жұмыс
Тапсырмаларды орындау
1-топ Балыққа бес жолды өлең құрастыру
2-топ Судың қажеттілігі туралы қысқаша эссе жазу
3-топ Мысал өлеңге сурет сал
4-топ Балыққа кеңес беру
5-топ Кесте толтыру
6-топ «Балық қаңқасы» әдісі
Тапсырма орындау барысында «Смайликтер» арқылы бағалау
Сергіту сәті
Су балықтың мекені
Сусыз ол қалай тіршілік етеді
Тас лақтырсаң суға сен
Түбіне сүңгіп кетеді
Қорытындылау
Венн диаграммасына Даңғой мен Тәкаппар мысалын салыстыру .
Е.Ерботин
Даңғой
|
Ұқсастығы
|
Ш.Смаханұлы
Тәкаппар
|
Қияр
|
Мысал өлең
Мақтаншақ
Өкінді
|
Балық
|
Аквариумнен балықтарды алу.
Балық артында жасырылған сұраққа жауап береді
1.Тәкаппар дегенді қалай түсінесің?
2.Бүгінгі мысалдың авторы кім? Ол кім?
3.Өлеңдегі балық неге өкінді?
4.Балық туралы қандай мақал білесің?
5.Су туралы қандай мақал білесің?
6.Осы мысалдағы негізгі ой не?
Смайликпен бағалау
Кері байланыс «Арал» әдісі
Мақалмен аяқтау: «Балық сүйексіз болмас, Адам қателіксіз болмас». Яғни, әр адам баласы қателеседі, бірақ сол жіберген қатені дер кезінде біліп, жоюға тырысу керек.
Үйге тапсырма:
1. Мысал өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
2. «Балықтың жалынышты үнін естіген Теңіз ...» деп, Балықты қиындықтан құтқарып, мысалды ойша жалғастырып аяқта.
Табыс кретериіне оралу
|