Сабақтың мақсаттары:
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету;қазақша
байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап
беруді меңгерту, сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,
ой-өрісін кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын
дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылыққа,
мемлекеттік тілге деген құрметке, көп тілді маман болуға тәрбиелеу, тілдің үш
тұғырлығын насихаттау. Оқушылардың елжандылық қасиетін
дамыту, туғанжерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тарихын
қастерлей білуге, еліміз дің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Қазақстан
тарихы,қазақ әдебиеті,орыс тілі,ағылшын тілі,география.
Сабақтың әдісі: жеке
сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз
(монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар
жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған
плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар.
Сабақтың эпиграфы:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
А)кезекшімен сұхбат;
ә)оқушыларды түгелдеу;
б)сабақтың мақсатымен таныстыру;
2.Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Мұғалім: -Біздің
Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз
Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ
тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу, оны
құрметтеу.
Мұғалім: -Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің
білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним
тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді.
Тапсырма саны-7.
Жеті саны қазақта қандай сан? Нелер есімізге түседі? Жеті ата, жеті қазына,
жеті ырыс, жеті апта күндеріқ. Сондықтан да біз бүгін 7 тапсырма алып
отырмыз.
Топты
таныстыру.
1-топ. Білімділер
2-топ. Тапқырлар
Тыныштық сәті
Мұғалім: - Балалар, ыңғайланып
отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Енді көз алдарыңа Қазақстанның
болашағын елестетіп көріңдер. Не көріп тұрсыңдар?
Мұғалім: Қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да
туысқан халықтар.
Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсең де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған
құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер.
Қазақстанның қай бөлшегінде тұрсаң да өздеріңді сол жердің толық қанды
мүшесі, қожайыны ретінде сезініңдер. Өйткені ол – біздің Отанымыз.
Осындай бақытты, бейбіт елде туып, өмір
сүріп отырғанымыз үшін Отанымызға іштей рақмет айтайық. Отанға деген
осындай ризашылық сезіммен бұрынғы қалпымызға келейік.
«Қазақстан» сөзін басқаша қалай айтуға болады?
Балалар: - Отаным, туған жерім, атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Атамекен. Туған жер. Туған өлке.
Мұғалім: -Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері,
Туған өлке - ата – бабаның қоныс тепкен жері мен өмірге келген жеріңнің
табиғат көрінісі. Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.
Ендеше сайысымызды бастайық.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. «Бәйге» .Сұраққа жауап бер;
2. Полиглот;
3. Сөз құру;
4. Тақырыптық әңгіме құру;
5. Тестілеу- «Қай септік?»;
6. Сөзжұмбақ шешу. «Қай қала?»;
7. Мақалды аяқта;
Сайыстың жүруі:
1-кезең «Бәйге».
1.Қазақтың ұлы
ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
2.Абайдың шын аты? (Ыбырай)
3.Қазақ тілінде неше септік? (7)
4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік
заңы)
5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден)
6. «Подлежащее» деген не? (бастауыш)
7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан)
8.Қыста не жауады, не сөғады? (қар,боран)
9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда)
10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?)
11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)
12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар,
мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер)
13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім?
(Әл-Фараби)
14.Күнпарақ дегеніміз не? (күнтізбе)
15.Бір жылда неше күн бар? (365)
16.Бір айда қанша апта бар? (4)
17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)
18.Бір сағатта неше минут бар? (60)
19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100)
20.Бір аптада қанша күн бар? (7)
2-кезең «Полиглот».
Сайыскерге жұмбақ ұсынылады.
Ең бай адам-көп
тілді еркін меңгерген адам.Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды-ғылым тілімен
«полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша, біздің мемлекетімізге көп тілді
білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны
тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ
,орыс, ағылшын тілдеріне аударыңдар.
1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок-ring)
2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег-snow)
3.Қаласы бар,үйі жоқ.
Өзеңі бар,суы жоқ.
Орманы бар,бүрі жоқ.
Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта-map)
4.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама!
Немесе-
Көп әңгімем,өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Соған тиер көмегім. ( кітап-книга-book)
3-кезең. «Қарлығаш» сөзінен сөз
құруларың қажет.
Қар, ағаш, лақ, ғашық, аша, шар, қарға, лашық, шал,
қаш.
4-кезең. «Тақырыптар» 5-6 сөйлемнен
тақырыптық әңгіме құрайды.
Ұсынылған тақырыптар:
1.Менің отбасым;
2.Менің досым;
5-кезең «Қай септік?» -ойыншылар
берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады.
1.Барыс септікті
сөз тіркесін тап:
А)қаладан келді;
ә)қаланың адамы;
б)қалаға барды;
в) қалада тұрада
2. Жатыс септікті сөз тіркесін тап:
А)мектепке келді;
ә)мектептен қайтты;
б)мектепті бітірді;
в)мектепте оқиды;
3.Табыс септікті сөз тіркесін тап:
А)ауылдың малы;
ә)ауылға бардым;
б)ауылдан келдім;
в)ауылды жақсы көремін;
4.Шығыс септікті сөз тіркесін тап:
А)оқушымен келді;
ә)оқушыдан сұрады;
б)оқушыны көрді;
в)оқушыға қарады;
6-кезең. Сайыскерлер сөзжұмбақ шешеді.
Сөзжұмбақ шешу барысында оқушылардың сөздік қорларының
деңгейі сараланады.
қ
|
а
|
з
|
а
|
қ
|
с
|
т
|
а
|
н
|
ы
|
с
|
ы
|
қ
|
ы
|
а
|
о
|
л
|
а
|
с
|
т
|
м
|
с
|
м
|
й
|
с
|
м
|
н
|
|
а
|
ы
|
а
|
ы
|
ы
|
т
|
а
|
|
н
|
р
|
қ
|
З
|
с
|
а
|
т
|
а
|
а
|
а
|
|
к
|
ғ
|
ы
|
|
н
|
л
|
е
|
а
|
|
|
р
|
н
|
1.
Ең суық жыл мезгілі
2.
Бас қала
3.
Ғарышқа ұшады
4.
Сыйлы адам
5.
Ұлттық сусын
6.
Сайысқа қатысушы
7.
Ыдыс
8.
Оңтүстік астанамыз
9.
Ас атасы-
7 –кезең. «Мақалды аяқта».
№1.
1.Өмір-үлкен ..... (мектеп)
2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз)
3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)
№2.
1. ... бір күні, қыстың ...айын асырайды (күздің,бір)
2.Ұстаздан шәкірт .... (озар)
3.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)
Сабақты қорытындылау.
Мен сабақтан не алдым? Не білдім? Не білгім
келеді? Қазақстанның болашағы қандай
болғанын қалайсыңдар? Суретке
түсіріңдер. Әңгімелеп беріңдер.
Сабағымыздың соңында Е.Хасангалиевтің «Атамекен» әнін
орындаймыз.
Командаларды марапаттау. Диплом.
Бағалау
Үйге тапсырма
«Қазақстан-туған өлкем» тақырыбына шығарма жазып келіңдер.
|