9-срс «Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу. «Қазақстан – 2050»


-СРС «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асырылуын баяндау



бет9/9
Дата02.05.2020
өлшемі42,32 Kb.
#65453
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СРС 9-15 Бахитов Канат ФИПКО 101

15-СРС «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асырылуын баяндау

Бір жылдан астам уақыт бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялаған болатын. Қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат еткен бұл бағдарламалық мақала тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды және терең мағыналы бағдарға айналды. 2017 жылдан бастап еліміз жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені белгілі. Бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламалар саяси және экономиканы жетілдіруге бағытталса, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы мен «Бес әлеуметтік бастамасы» тұтас бір қоғамның жаңғыруы мен әлеуметтік әлеуетінің өркендеуіне жол ашпақ. Мемлекет басшысы рухани жаңғыру мен бес әлеуметтік бастамасын жариялау арқылы елдегі жүргізіліп отырған реформалардың қоғамымыздың рухани әлеуетін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге бағытталғандығын тағы бір мәрте дәлелдеді. «Жиырмасыншы ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды» деп атап өтті Елбасы, себебі «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу». Елбасы бағдарламалық мақаласында ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуының екі қырын атап көрсетті: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, таяу жылдарда нақты жобаларды жүзеге асыру. Осы тұрғыда, Мемлекет басшысы өмір өзектілігін заман талабымен ұштастыра отырып айқындап берген жалпыұлттық алты жоба қоғамдық сананың жаңғыруында маңызды орын алады. Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» біртұтас ақпараттық порталы іске қосылды, «100 жаңа есім» жобасының ақтық кезеңі аяқталып, көпшіліктің дауыс беруі нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары бойынша 400-ден астам мәдени нысан қалпына келтірілді. «100 жаңа оқулық» жобасы қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болып, республикалық және өңірлік деңгейде көптеген нәтижелі іс-шараларға ұласты. Сондай іс-шараның бірегейі – Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дайындалған кітаптарды таныстыру рәсімі. Іс-шарада Елбасының бағдарламалық мақаласындағы алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында қазақ тіліне түпнұсқадан аударылған 18 оқулық таныстырылды. Бұл оқулықтар – еліміздің кітап қорын сапалы әлемдік ғылыми еңбектермен толықтыратын эксклюзивті гуманитарлық кітапхана қалыптастырудың алғашқы нәтижелері. «Туған жер» жобасы – әр қазақстандықтың бойында патриотизмді, жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған бірегей жоба. Бір жылда «Туған жер» бағдарламасы аясында әлеуметтік 1500 нысан іске қосылып, әлі де жалғасын таба бермек. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Отандық төл мәдениеттің заманауи жетістіктерімен тек қазақстандықтарды ғана емес, сонымен қатар халықаралық қауымдастықты да таныстыру мүмкіндігі туды. Қоғамда Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жобасы кең талқыға ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. 2018 жылдың 20 ақпанында аталмыш Жарлыққа Мемлекет басшысы тарапынан өзгерістер енгізу арқылы латын графикасының тиімді нұсқасы қабылданды. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан реформалардың қоғамда кең қолдау табуы елдің одан әрі дамуына аралық баға берумен қатар дамудың жаңа ұсыныстарын күн тәртібіне шығарады. Мәселен, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС жүргізген екі ірі әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жеке тұлғасы мен беделі бастау алған реформалардың басты кепілі болып табылады. Бұл зерттеулердің нәтижелері «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» және «Қазақстан Республикасының коммуникативтік саясаты: қазіргі жағдайы және перспективалары» атты көлемді екі ұжымдық монографияның шығарылуына негіз болды. Зерттеулер барысында тұрғындардың 90%-ы мен сарапшылардың 96%-ы «жаңғыру процестері мен этносаралық тұрақтылық пен келісімнің сәтті жүргізілуінің басты кепілі – Нұрсұлтан Назарбаев» деген пікірге тоқталады. Осы орайда, мемлекет саясатын жаңғырту бастамаларының Бірінші және Екінші толқыны сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86,6%-ның оң бағасын алды. Сауалнама барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған рухани жаңғыру тұжырымын қазақстандықтардың түсіну деңгейін бағалау маңызды болды. Респонденттердің негізгі бөлігі бұл бағдарламадан ұлттық адами капиталдың сапалық кемелденуінің мүмкіндігін көреді. Оның ішінде, респонденттердің 27%-ы қоғамдық сананы жаңғыртуды азаматтардың ойлау жүйесін жаңа дәуірдің талаптарына сай өзгерту ретінде, 27%-ы адамдардың, әсіресе жастардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру факторы ретінде, 18% – азаматтардың білім алу сапасын арттырудың арқауы ретінде түсінеді. Тағы 15%-ы қоғамдық сананы жаңғыртуды Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы өз білімін кеңейту үшін мүмкіндік ретінде қарастырады. Әлеуметтанулық зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық қоғам, тұтастай алғанда, жаңғыру курсын белсенді қолдайды: үштен бір бөлігі оны елдің дамуы үшін қажетті деп санайды (31,8%); төрттен бір бөлігі Үшінші жаңғыртудың жүзеге асырылуынан қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі жақсаратынына сенеді. Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың көпшілігі (57,1%) қоғамдық сананы жаңғырту идеясын қолдайды, оны еліміздің дамуы үшін қажетті деп санайды. Респонденттердің үштен бір бөлігі (34,7%) жаңғырту қажет, бірақ халықтың өзекті мәселелері шешілген жағдайда ғана деп санайды. Сараптамалық ортада жаңғырту идеяларын одан әрі дамытуға, сондай-ақ маңызды пайымдар мен идеяларды түсіндіруде және таратуда ұлттық интеллигенцияның рөлі маңызды болып танылады. Сауалнамаға қатысқан сарапшылар қозғаушы күш ретінде, реформалардың драйвері ретінде ең алдымен ғылыми интеллигенцияны (57%) атады. Сарапшылардың 43%-ы жаңғырудың қозғаушы күші ретінде – ақпараттық элитаны, 39%-ы – қоғам қайраткерлері мен құқық қорғаушыларды, 33%-ы – шығармашылық интеллигенцияны атады. Рухани жаңғыруға қуатты серпін берген бағдарламалық мақаланың стратегиялық маңыздылығы мен бағдары болашаққа бағытталғандығы сөзсіз. Онда, қазақстандық құндылықтарды қалыптастыру мен нығайту, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық сананы трансформациялау және ұлтты рухани жаңғырту сияқты іргелі мәселелер қозғалады. Ал, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оның жалпыұлттық алты жобасының нақты жүзеге асырылуы, тұтас мемлекеттік саясаттың одан әрі трансформациялануының ұлттық рухани жобасының және ұлттық бірегейлігінің қалыбына айналды. Осылайша, қазақстандық ұлттың қозғалысының жаңа векторы алдағы бірнеше жылға айқындалды, себебі аталған жаңғырту ең алдымен, сананың және ойлаудың жаңа моделін қалыптастыруға байланысты мәселелерді қамтиды. Қазіргі таңда, жаңғыру бағдарламасының мақсатты міндеттерінің орындалуы мен жетістіктерінің қарқынын сақтай отырып, атқарылатын нақты іс-қимылдарды және перспективалардың тиімділігін анықтап, жүйелілігі мен кезеңділігін сақтау маңызды болып табылады. 2017 жылы 17 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылған болатын. 2018 жылғы ақпан айындағы Ұлттық комиссияның кеңейтілген кезекті отырысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының сапа параметрлері мен индикаторларын әзірлеу мақсатында Еуразиялық интеграция институтының құрылымында Интеграциялық және жаңғыру процестерін зерттеу орталығы (ИЖЗО) құрылмақ. Сонымен қатар, ИЖЗО жүргізетін зерттеулер аясында жалпы алғанда және еліміздің өңірлерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және оның жалпыұлттық алты жобасының іске асырылуы мен нысаналы міндеттерін бағалау индикаторлары мен сапалық көрсеткіштерін әзірлеу жоспарланып отыр. Осылайша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуының тиімділігін бағалау бойынша 2018 жылы Институт тарапынан жүргізілетін әлеуметтік зерттеулер мен қоғамдық пікір өлшемдерінің нәтижелері кеңінен қолданылатын болады. Президенттің рухани және әлеуметтік бастамалары аясындағы күрделі де ауқымды істерге мүмкіндігінше кеңінен сарапшылық ортаның, оның ішінде азаматтық қоғам институттарының қатысуы тақырыпты өзектендіре түспек. Себебі, адами капиталды қалыптастыруда, оның ішінде өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеуде, оқытуда ғылыми орта қызметкерлері біліктілігінің алатын орны маңызды. Қоғам өмірінде орын алып отырған өзгерістерді әрбір қазақстандыққа жеткізу мақсатында Институт тарапынан тұрақты түрде ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізіліп келеді және алдағы уақытта да бұл заңды үрдіс өз жалғасын таба бермек. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Институт еліміздің өңірлерімен, яғни, жергілікті жерлермен тәжірибе алмасу бағытындағы шараларды қолға алды. Атап айтар болсақ, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Орал қалаларында өткен әсерлі кездесулер екі жаққа да тиімділігімен ерекшеленеді. Тәжірибе нәтижелерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ғылыми-сарапшылық талқылау мен зерделеу сатысында да, бағдарлама мен оның жекелеген жобаларын тікелей іске асыру сатысында да кеңінен қолдануға болатындығы сөзсіз.

Қорыта келе, Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» мақаласы мен «Бес әлеуметтік бастамасы» – дәйекті түрде жүзеге асыру тұрғысынан заманауи қажетті және маңызы терең бағдарламалар. Орындалу барысында, немқұрайлылыққа, селқостық пен бейқарекетсіздікке жол берілмеуі тиіс. Себебі, бұл мәселелер біздің ұлтымыздың рухани болашағы мен әлеуметтік әлеуетін айқындайтын тікелей бағдарламалар. Ұлтымыз рухани жаңғыру арқылы өткенін електеп өткізіп қана қоймай болашаққа әлеуетін тіктеп қадам басуы керек.



Бахитов Канат Абаевич ФИПКО 101

Барлық 9-15 СРС орындалды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет