Гендік инженерия организмдердің жақсы қасиеттерін сақтап қалумен қатар оған сапалы қасиет бере алады.
«Инженерия» термині құрастыру деген мағына береді.
Гендік инженерия мақсаты – алды ала белгіленген үлгіге сәйкес генотипі жағынан жақсарған организмдер алу. Алғаш рет гендік инженерияның көмегімен инсулин алды.
Жасушалық инженерия
Жоғары сатыдағы организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың жеке жасушаларын және ұлпаларын жасанды қоректік орта жағдайында өсірумен айналасады.
Жасушалы инженерия әдісі арқылы бір жасушаның ядросын екінші жасушаға көшіру және ядросыз жасушаларды өсіріп алуға болады.
Микробиологиялық өндіріс
Биотехнологияда биохимия, микробиология ,молекулалық биология, генетика ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биология-лық белсенді заттар – гормондар, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, органикалық қышқыл-дар – сірке, лимон, сүт және кейбір дәрі дәрмектер алынады
Қазір ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммалырының көмешімен 150-ден астам биологиялық заттардың түрлері синтезделді.