Денсаулық сақтау және ауылшаруашылығы үшін қажетті гормондар, ферменттер мен антибиотиктерді синтездейтін микроорганизмдердің жаңа штамдарын алуға мүмкіндік туғызды.
Молекулалық биотехнология әдістері жаңа биологиялық қарулар мақсатын да қолданылады.
Жасушалық биотехнология
Тірі ағзалардың денелік жасушаларын бөліп алып, олармен жұмыстар жасау;
Тірі ағзалар жасушаларын in vitro жағдайында өсіру;
Денелік жасушаларын гибридизациялау;
Жасушаларды культиверлеу;
Жасушаларды көбейту;
Жасушаларды клондау сияқты жұмыстарды жүргізеді.
Өсімдіктер биотехнологиясы
Бұл өсімдік текті жаңа өнімді жоғары сұрыптар мен линиялар, биологиялық белсенді қосылыстарды алуға бағыт-талған ғылым саласы.
Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату, олардың жағым-сыз ауа райына әр түрлі ауруларға тұрақтылығын жоғарылату;
Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату, олардың жағым-сыз ауа райына әр түрлі ауруларға тұрақтылығын жоғарылату;
Тұқым сапасын жақсарту;
Өсімдіктердің өсуі мен көбеюін жоғарылататын фитогормондардың, биологиялық белсенді заттардың ашылуы;
Трансгенді өсімдіктер алынды.
Микроағзалар биотехнологиясы
Маңызды микробиологиялық үдерістер жөнінде және микроорганизмдердің өмір сүруінен алынған бағалы өнімдер өндірістері, олардың тәжірибеде қолданылуы жөнінде, ақуыз өнімдері есебінде биомассасын алу, жекебиологиялық белсенді заттарды алу жөніндегі ғылым.
Экологиялық биотехнология
Негізгі бағыттары:
Өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында және басқа да салаларда жасанды заттардың орнына биопрепараттарды қолдану көлемі мен спекртрінің кенеюі;
Ластайтын элементтерді бұзу және активті бөліп алу жолымен қоршаған ортаны ремедиациялау;
Қатты коммуналды қалдықтарды, тұрып қалған сулардың тұңбасын пайдалану;
Топырақ гумусын, құрамын қалпына келтіру;
Нитрификациялау, су құбырларын өңдеу жолдарымен және адам деңсаулығына, жануарларға және өсімдіктерге қауіпсіз биологиялық технологияларды өндірісте қолдану