«Инвестиция» кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең мағна береді.
Инвестицияның қайнар көзіне -өнеркәсіп кәсіпорындарының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау.
Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғайуына,өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуға ықпал етеді,яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру қажет. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қсу табылады. Ал,инвестицияның түпкі нітижесі ұлттық табыстың ұлғайуына болмақ.