9-тақырып. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет4/12
Дата10.05.2020
өлшемі29,61 Kb.
#66927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігін қалыптастыруда мектептің əдістемелік қызметінің рөлі Райқұл Сабира 202 топ
Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігін қалыптастыруда мектептің əдістемелік қызметінің рөлі Райқұл Сабира 202 топ, Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігін қалыптастыруда мектептің əдістемелік қызметінің рөлі Райқұл Сабира 202 топ, реферат, реферат, реферат
Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғамның жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгеріп, білім мазмұны жаңартылуда. Қазіргі қоғам педагогтерге оқушылардың бүкіл өмірін ұйымдастыру процесіне күрделі өзгерістер енгізе алатын, олардың тұлғалық дамуына кепілдік бере алатын, шебер әрі кәсіби құзырлы мамандар ретінде қарайды. Сондықтан педагогтің іс-әрекет шеберлігін жеке әдіс-тәсілдердің жүйесі деп санаумен шектелуге болмайды. Шебер мұғалім педагогикалық тұрғыдан құзырлы болу керек. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің жеке тұлғасының байлығы және оның кәсіби білімінің мөлшерімен анықталады. Мұғалімнің кәсіби білімі арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері жаңа сипатқа ие болады, қайта жанданады және шығармашылық сипаты арқылы білім беру жүйесіне жаңа мазмұн береді.

Кейбір зерттеулерде құзыреттілік ұғымы біліктілік ұғымымен теңестіріледі. Себебі құзыреттілік іс-әрекетті жүзеге асыруға деген қабілеттілікті білдіріп, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар тұлғаларға байланысты қолданылады. Мұғалімнің іс-әрекеті әр түрлі теориялық білімдерге (психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, философиялық т.б.) негізделіп, теория мен практиканы байланыстырушы қызмет атқарады. Білім мен тәжірибені терең жинақтау арқылы мұғалім кәсіби құзыреттілік сипатқа ие болады. Педагогикалық құзырлы мұғалім теориялық білімдердің қоры мен өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады.

Педагогикалық іс-әрекет педагогтің жеке тұлғасына және кәсіби құзырлылығына барынша жоғары талаптар қояды. Сол талаптардың шартын орындау, оны жылдан-жылға шығармашылықпен дамытып отыру өз кәсібіне сүйіспеншілікпен, ынта-ықыласпен қарайтын әрбір педагогтің қасиетті парызы

Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет