9-тақырып. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


Әдістемелік жұмыстың формалары



бет7/12
Дата10.05.2020
өлшемі29,61 Kb.
#66927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігін қалыптастыруда мектептің əдістемелік қызметінің рөлі Райқұл Сабира 202 топ
Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігін қалыптастыруда мектептің əдістемелік қызметінің рөлі Райқұл Сабира 202 топ, Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігін қалыптастыруда мектептің əдістемелік қызметінің рөлі Райқұл Сабира 202 топ, реферат, реферат, реферат
Әдістемелік жұмыстың формалары
Әдістемелік кеңес, оның негізгі қызметі әрбір мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру болып табылады. Әдістемелік еңеске директордың орынбасары жетекшілік етеді. Әдістемелік кеңес мектептегі әдістемелік жұмыстың бағдарламасын әзірлейді.
Әдістемелік бірлестіктер, оның құрамына әдетте бір немесе аралас пәндердің 4–5 оқытушысы кіреді. Олар ұстаздардың оқытылатын ғылым саласындағы жаңа жетістіктердің нәтижелерін зерттеуін, олардың жаңа әдістемелік тәсілдермен және технологиялармен танысуын, жаңа оқу бағдараламалары мен сұрақтарын талқылауын, нақты тақырыптарды меңгеруін ұйымдастырады, мұғалімдердің сабақтарын талдайды, олардың баяндамалары мен өздерінің педагогикалық қызметіндегі қол жеткізген жетістіктері туралы хабарламаларын тыңдайды және т. б.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру мәселелерін қарастырады; тәрбиелеудің замануи тұжырымдары мен бағдарламаларын, озық тәрбиелеу тәжірибесін, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттарды зерттейді; сынып жетекшілері қызметінің жеке бағыттары бойынша әдістемелік ұсыныстарын жасайды және т. б.

Озық тәжірибе мектебі  – бұл педагогтердің шығармашыық ізденістерінің нәтижесі, бұл жерде шығармашыл, жаңашыл және де дәстүрлі бастамалар бірігеді. ӘБ-дің мәжілістерінде озық ұстаздардың тәжірибесін қорыту жоспарланады. Олар мектеп мұғалімдерімен өз жұмыс тәжірибелерімен бөліседі, ашық сабақтар өткізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестерде хабарламаларымен шығады, бояулы альбомдарды, өз жұмысы туралы презентацияны безендіреді. Тәжірибелі ұстаз әдістемелік көмекке мұқтаж мұғалімдермен жұмыс істейді.
Жас мұғалімдер мектебі – бұл мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуге арналған, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес ұстаздар бірлестігі.
Педагогикалық ұжымның таңдалған ғылыми-әдістемелік тақырып аясындағы зерттеушілік қызметі. Сонымен қатар проблемалық топтар құрылады, ол жерде ұстаздар бірлесе отырып белгілі тақырып бойынша әдебиеттерді зерттейді және талқылайды, жұмыстың әдістері мен тәсілдерін әзірлейді және оларды іс-тәжірибеге енгізеді, бір-бірінің сабақтарына қатысады және талдайды және т. б.

Әдістемелік жұмыстың кеңінен таралған түрі практикумдер болып табылады. Оқу жылының басында пән мұғалімдері практикумдердің тақырыптары, тақырыптары бойынша тапсырмалары және зерттеуге ұсынылатын әдебиеттер тізімі көрсетілген жұмыс жоспарын алады, тәжірибелі ұстаздар дәріс оқиды, ашық сабақтар өткізеді.

Сонымен қатар ғылыми-теоретикалық конференциялар мен педагогикалық оқулар өткізіледі, осы шаралардың барысында ұстаздар қандай да бір теоретикалық немесе әдістемелік мәселелері бойынша жүргізген зерттеулерінің қорытындыларын шығаратын өздерінің рефераттарын, баяндамаларын, хабарламаларын оқиды.

Әдістемелік жұмыстың дәстүрлі формаларымен қатар белсенді формалары да қолданылады: пікісайыс, диалог, проблемалық семинарлар, әдістемелік ринг, әдістемелік «отырыстар», іскерлік ойындар, тренинг, педагогикалық КВН, «ми шабуылы», әдістемелік фестиваль, педагогикалық міндеттерді шешу, педагогикалық жобаларды қорғау, дөңгелек үстел, презентация және т. б.
Әдістемелік жұмыстың жеке формалары – кеңес берулер, әңгімелесулер, сабақты модельдеу, дидактикалық материалдарды, жаднамаларды және алгоритмдерді әзірлеу немесе құрастыру, педагогикалық үлгілерді көрсету және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет