Педагогикалық оқулар - мұғалімдер , халық ағарту жүйесі қызметкерлерімен , ата-аналар және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен жыл сайын өткізілетін мерзімді қеңестер.Педагогикалық оқулардың негізгі мақсаты - алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірбиені қорыту және тарату.
Педагогикалық тәжірибе-оқыту,білім беру және тәрбие тәжірибесі,дәлірек айтсақ нәтижесі,оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін,белгілі мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық үдеріс.
педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері,оқытудың жаңа мазмұны,нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары,т.с.с.өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі
Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту – мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.
Озық педагогикалық тәжірибе дегеніміз-қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде нақты жағдайлары,оқушылар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге,мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыру деген сөз
Жаңашылдық – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді.
Жаңашыл педагог - инновациялық әдіс-тәсілдерді жетік меңгерумен қатар, оны орынды қызметінде қолдана білуі аса маңызды. қазіргі заман педагогы рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген, өзін әрдайым кәсіби тұрғыдан жетілдіріп отыратын шығармашыл тұлға.
Баспасөз насихаты-бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі.Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылымиәдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б.жатады.
Ауызша насихат-бұл мектептердің педагогикалық кеңестерінде,аудандық әдістемелік кабинеттерінде,мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды,семинарларды озық тәжірибе туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып,оларда озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады