Байланысты: Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігін қалыптастыруда мектептің əдістемелік қызметінің рөлі Райқұл Сабира 202 топ
2. Мектептің əдістемелік қызметі. Жыл өткен сайын негізгі және орта жалпы білім беретін мектептердің түлектерін дайындау сапасына қойылатын талаптар өсуде. Ал бұл өз кезегінде ұстаздың пән мұғалімі, дана тәрбиеші және балалар психологы ретінде өздерінің кәсіби қасиеттерін үнемі жетілдіруді талап етеді, оны мектептің әдістемелік жұмысы тиімді ұйымдастырылмаған жағдайда жүзеге асыру мүмкін емес. Осы жұмыстар мұғалімдердің кәсіби деңгейін, педагогика, психология, жас ерекшелігі физиологиясы мәселелері бойынша біліктілігін арттыру үшін логикалық негізделген түрде жүргізілуі тиіс, оның формалары мазмұнына сәйкес келуі, ал мазмұны мектеп шешетін мәселелерден туындауы тиіс. Әдістемелік жұмыстың логикалық тұрғыда құрылған жүйесі қажет.