ҚР білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттарын көрсетіңіз



бет1/9
Дата22.05.2022
өлшемі84,94 Kb.
#144622
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕМТИХАН-ИННОВАЦИЯ
Көшбасшылық сессия (копия)-1

  1. ҚР білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттарын көрсетіңіз.

Қоғамда туындап отырған жаңа эканомикалық қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі туындайды .Реформалауың басты мәселесі білім мазмұны толық жаңғырту жетілдіруді талап етеді. Ол білім беру стандарттарын , базалық оқу жоспарларын жасау және тәжірибеге енгізу арқылы жүзеге аспақ.
Білім беру жүйесін реформалау мемлекеттің бұл саладағы саясатын ұлттық, мәдени ерекшеліктерін және оқу орындарының өз бетіншілік екендігін кеңейтуді есепке алумен жүргізіліп келеді. Бүкіл оқу жүйесін реформалаудың негізіне — мектепке дейінгіден жоғарғы оқу орынына дейінгі — оқу мен тәрбиені демократияландыру қағидаттары, көп укладтық пен білім жүйесінің икемділігі принциптері басшылыққа алынған еді. Сонымен бірге оның негізіне — бұл өте маңызды жағымды фактор — аймақтық, ұлттық өзін-өзі басқару, гуманизациялау және идеологиясыздандыру қағидаттары негізге алынған.



  1. Білім беруді жаңарту жолдарын көрсетіңіз.

Білім берудің жаңарту жолдары
Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі туындайды. Реформалауың басты мәселесі білім мазмұны толық жаңғырту жетілдіруді талап етеді. Ол білім беру стандарттарын, базалық оқу жоспарларын жасау және тәжірибеге енгізу арқылы жүзеге аспақ. Стандарттар барлық тұрпаттағы оқу құралдарының қай түріне жататынына қарамастан, кадр даярлаудың жоғары біліктілік сапаларын үйлесімді атқаруы тиіс. Бұл күнде өмір өлшеусіз өзгереді. Қазақ халқы өз еркін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білі мен тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін әдістер ұсынуда. Солардың бірі:
- Өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу.
- Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту.
- Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту
Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білі беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық.
Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Назарбаев зияткерлік мектебі» курсы бағдарламасын меңгеруде түйгенім:
- Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.



  1. «Инновация» ұғымының мәнін көрсетіңіз

Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күнібұрын жоспарлап, ұйымдастырып, бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесе белгісіз болады. Ғылым-техникалық жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып, күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса техникалық жаңалықты әлеуеттендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғышарт әзірлейді. Ол ізденіс пен қолданудың байланысына қатысты, көп түрлі мүмкіндікті тоғыстыра қолданудың жемісі. Көптеген жаңалықтар кездейсоқ пайда болғаны белгілі. Бірақ заман дамыған сайын инновацияны арнайы жоспарлау, мол қаржыландыру, жүйелі ұйымдастыру күнтәртіпке еніп келе жатқан секілді.



  1. «Педагогикалық инноватика» ұғымының мәнін көрсетіңіз.

Педагогикалық инноватика- педагогикалық жаңашылдықтар жасау, оларды педагогикалық қауымдастықтың бағалауы және игеруі, практикада қолдануы туралы ілім.





  1. Оқытудағы жаңалықты бағыттарды көрсетіңіз.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.



  1. Оқытуда педгогикалық инновацияны пайдану мүмкіндіктерін көрсетіңіз.

Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.


Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірді оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту – егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындар толықтыруға болады. Оқыту – тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.


Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:


-білім алушының ізгілік тұрғысынан қарау;


-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;


-білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;


-білім алушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;


-білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;


-әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;


-барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.





  1. Оқу үдерісін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологияларын талдаңыз.

Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар:

  1. Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып, перспективалы оза оқыту (С.Н. Лысенкова).

Бұл технологияда материалды меңгеру үш кезеңде жүреді:
– алдын ала;
– жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;
– оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.
Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.

  1. Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

  1. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады:

– мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
– оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін, әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

  1. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ)

ОҰӘ – оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері:
– жоғары жетістікке талпыну;
– алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
– оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
– әртүрлі деңгейлік;
– тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;

  1. Топтық технология.

Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

  1. Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.


  1. Өзіндік дамыту технологиясын талқылаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет