ҚР білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттарын көрсетіңіз


«Инновация» ұғымының терминдік мәнін ашып, анықтама берген отандық ғалымдарыдың бірі – Н



бет8/9
Дата22.05.2022
өлшемі84,94 Kb.
#144622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕМТИХАН-ИННОВАЦИЯ

«Инновация» ұғымының терминдік мәнін ашып, анықтама берген отандық ғалымдарыдың бірі – Н. Нұрахметов. Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар көкейкесті мәселелердің тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі әдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады. Осыған орай кез-келген студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылуы керек.
Инновация – латын тілінің «novatio» және сөзалды «in» қосымшасының бірігуі арқылы жасалған термин. Қазақ тілінде алғашқысы «жаңару, өзгеру» болса, кейінгісі қазақ тіліндегі барыс септігінің орнына жұмсалатын грамматикалық бірлік. Демек, инновация кірме сөзін калька тәсілімен аударып, қазақша жаңаруға, өзгеріске қарай бет алу деп түсіндіруге болады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, инновация термині ХІХ ғасырда жазылған ғылыми зерттеулерде кездеседі. ХХ ғасырда шетелдік экономист ғалымдардың (Й. Шумпетера) еңбегі арқылы кеңінен таныла бастаған. Алайда оның қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамына еніп, пәрменді қолданысқа ене бастаған кезі деп ХХІ ғасырды айтуға болады. Дәлірек айтсақ, 2010 жылғы Елбасы Жолдауынан кейін «инновация» термині таза экономикалық категория болғанына қарамастан, қоғам өмірінің барлық салаларына қатысты шығармашылық ой, идеялар ұғымында қолданыла бастады. Және осыған байланысты технологиялық инновация және әлеуметтік инновация деп аталатын түрлерге жіктелді. Ғаламтордағы мәліметтерге сүйенсек, технологиялық инновация азық-түлік өнімдерінің, тұрмыстық техникалардың, басқа да құралжабдықтардың түрін көбейтіп, сапасын жетілдіруге немесе олардың жаңа түрін ойлап табуға бағытталған технологиялық шешім. Ал инновацияның әлеуметтік инновация деп аталатын түрі адам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін салаларды, атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау, қайрымдылық, басқару жүйесі, т.б. жетілдіру жолдары

  1. Оқушы іс-әрекетін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологияларды талдап қорытыңыз.

Қазіргі таңда бастауыш мектеп сатысында әрбір пән бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушыларға берілетін тапсырмаларды білімді қабылдауға бағытталған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырған жөн. Оқытудан күтілетін нәтижені негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Бастауыштан бастап жеке тұлғаға бағытталған озық педагогикалық технологиялық сабақтар беруі дегеніміз  — оқытушының шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы — әр оқушының ерекше болмысы, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін бір мезгілде оқытушы да, психологта болуы тиіс.
Мен өзім даярлық топқа сабақ бергендіктен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сабағымда ойын технологиясын пайдаланамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет