Өздігінен даму технологиясы - бұл оқушыны жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі, мұнда тәрбие үрдісі оқушының дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана ол өзін дамыта алады.
Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Әр оқушының іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің, құрбылар тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе оқушы өзін-өзі бағалайды.
Монтессори әдісінің мақсаты:
- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.
- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Монтессори педагогтың міндеті:
- Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.
- Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.
- Ұсақ моториканы дамыту.
- Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.
- Зейінін тұрақтандыру.
- Тәртіпке үйрету.
Негізгі сабақ түрлері:
- Материалдармен жұмыстың жеке кӛрсетілімі.
- Топтық сабақ
- Жаңа ұғымдар туралы сабақ
Ойлау іс-әрекеттерін кезеңдік қалыптастыру технологиясын талқылаңыз.
Ойлау іс-әрекеттерін кезеңдік қалыптастыру технологиясы немесе оны
ойлау әрекеттері мен ұғымдарын кезеңмен қалыптастыру теориясы деп те
атайды.
Бұл тұжырымдама П.Я.Гальпериннің, Н.Ф.Талызинаның операциялық
тәсіл мен интериоризация идеясына негізделеді.
Ойлау іс-әрекеттерін кезеңдік қалыптастыру технологиясы П.Я.Гальперин
теориясының негізінде пайда болған. Оны кезеңдер қатары түрінде елестетуге болады.
1-кезең оқушылардың ынтасын белсендіруін анықтайды.
2-кезең іс-әрекеттің бақылау негізінің сызбанұсқасын түсіндірумен
байланысты. Оқушылар алдын-ала іс-әрекет мінездемесімен, оның ӛту
шарттарымен, бақылаушылық, орындаушылық іс-әрекеттердің ӛтуімен
танысады. Іс-әрекеттер жалпылығының деңгейі, яғни оларды басқа шарттарға ауыстыру, осы іс-әрекеттерді бақылау негізінің толықтылығына байланысты.
Осындай негіздің 3 типін бөліп көрсетеді:
- дайын түрде үлгімен беріледі, бақылаудың толық емес жүйесі, оперативті
орындау қажет (мысалы, оқыту техникасы элементтерін меңгеру);
- дайын күйінде іс-әрекеттердің нақты бақылау негізінде берілуі;
- іс-әрекеттердің бақылау негізі – жалпыланған түрде беріледі.
3-кезең – іс-әрекетті сыртқы пішінді орындау материалды немесе
материалданған, яғни кез-келген модель, сызба, схемалар және т.с.с. көмегімен орындалады. Бұл іс-әрекеттер тек бағдарлық қана емес, сонымен қатар орындаушылық және бақылаушылық функциялары. Бұл кезеңде оқушылардан олар жасайтын операцияларды және олардың ерекшеліктерін айтқызу қажет.
4-кезең – ―сыртқы‖ тілді анықтайды, мұнда іс-әрекет ары қарай тілдік
(ауызша немесе жазбаша) кӛрнекілеу және материалданған құралдардан бөлініп алынған, жалпыламаға ұшырайды.
5-кезең – ішкі тілдік кезең, мұнда іс-әрекет ой пішінге ие болады.
6-кезең іс-әрекетті ойлау жобасында орындаумен байланысты (іс-әрекетті
интериозациялау).
Ойлау іс-әрекетін кезеңдік қалыптастыру технологиясының жетістігі,
оқушылардың жекеше түрде жұмыс жасау жағдайын қалыптастыру және оқутанымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруын себептендіру.
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендірудің алғы шарттарын талдаңыз.
Оқу-тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғы шарты: оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір оқытушы өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендірудің кезеңдерін талдаңыз.
Инновациялық технологиялар қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – студенттердің оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру студенттердің оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.
Инновациялық оқыту технологиясын оқыту процесінде қолдану ерекшеліктерін талқылаңыз.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |