Биогенетикалық заң (грек.bios – қаз. Өмір және genesis – тууы, пайда болуы) – табиғаттағы әрбір тірі ағзаның жеке дамуы (онтогенез) кезінде сол түр эволюциясының (филогенезінің) аса маңызды кезеңдерін қысқаша және жылдам қайталап өту заңдылығы. Мұны заң ретінде алғаш неміс ғалымы Э.Геккель тұжырымдады (1866). XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында эволюциялық биология идеяларының психологияға енуімен байланысты биогенетикалық заңға сүйеніп, жануарлар мен адамның мінез-құлқы, психикасы қызметінің дамып, өзгеру механизмін түсіндірмекші болған, әсіресе оның ұрықтық дамуында өз түрі дамуының ерекшеліктерінің қайталауын ең алғашында мұны Ч.Дарвин байқаған. Американдық психологтар С.Холл, Дж.Болдуин және т.б. адамның жастық дамуын антропогенездің қайталануы және адамзаттың тарихи дамуы ретінде түсіндірді. Осылайша, ерте балалық шақ алғашқы қауымдық өнім мен тамырларды жинау кезеңімен, 5 жастан 12 жасқа дейінгі шақ аңға шығу кезеңімен, ал ересектік шақ кәсіптік өндіріс кезеңімен және т.б. салыстырылды. Б.з. жаратылысты зерттеушілер Ф.Мюллер мен Э.Гек- кельдің баланың психикалық дамуын онтогенезбен (ағзаның жекелік дамуы) және филогенезбен (ағзаның тарихи дамуы) салыстыруға байланысты енгізілген түсінік. Баланың дамуын зерттегенде биологиялық эволюциясына басымырақ сүйенеді. 92. Онтогенез. Постэмбрионалдық кезең. Тура даму. Түрленіп даму. Адамда постнаталды онтогенездің кезеңдері.
Онтогенез – (грекше ontos – болмыс және генезис – шығу, даму) организмдердің жеке даму процесі (тарихы), филогенезден айырмашылығы – тірі организмдер әлемінің даму (эволюция) тарихы.