92 гимназия 3 «А» сынып жетекшісі Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы Пән қазақ тілі Тақырыбы



Дата18.02.2017
өлшемі66,97 Kb.
#10070
түріСабақ
92 гимназия

3 «А» сынып жетекшісі

Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы Пән қазақ тілі

Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Мақсаты:1. Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету.

2. Сөздік қорын, тілін дамыту.Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық-ізденушілік әрекетін белсендіру.

3. Әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұлттық мәдениетті бағалауға тәрбиелеу.

Әдісі: үш өлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ ) технологиясы, талдау, жинақтау, тірек сызба арқылы оқыту, рефлексия, көрнекілік,топтау.

Көрнекілігі: тірек сызба, деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы

I кезең

Мотивациялық- бағдарлау кезеңі ( Ұйымдастыру кезеңі)

Балалар, қазір қай мезгіл?

Ана тілі пәнінен оқыған «Көктем сәні» мәтінін еске түсірейік, сонда көктем сәні нелер деп аңдар айтты?

Неліктен көктем сәнінің бірі – шуақты күн деп ойлайсыңдар?

Барлықтарыңызға күндей шуақты көңіл күй тілеймін.
Сонымен Күн не істейтінін сызбаға түсірейікші
еСолнце 13Солнце 14рітеді тірілтеді

жылытады қарайды

төгеді жандандырады
Осы сөздерге сұрақ қояйықшы, нені білдіреді, ендеше қандай сөз табына жатады?

Етістік туралы анықтаманы қысқаша сызбаға түсірейік?



Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Заттың қимылы

Етістік

«Тірек мәтін» техникасы бойынша етістік түрлерін сызбаға түсіру:
дара негізгі

күрделі етістік туынды


Сабақ тақырыбын, міндетін хабарлау
Үй тапсырмасын тексеру

Деңгейлік тапсырмалар бойынша нәтижесін талқылап, ашық журналға баға қою

26-жаттығудың орындалысын тексеру

Етістік сөзінен баспалдақ жасау 3 қатар өз баспалдағын құрады:




Е







Т










І













С
















Т



















І






















К
























II кезең Синтетикалық бөлім (Операциялық –орындаушылық кезең)

а) Өз бетімен тақырыпты меңгеру.

28- жаттығу

Етістіктерді салыстыру, мағынасындағы өзгешелікті тапқызу, қосымшалы етістікті сөз құрамына талдап, болымсыз етістіктердің жасалуы туралы қорытынды тұжырымдату

29- жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазу, болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдап, жасалу жолын сызбаға түсірту.


б) Жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

30- жаттығу. (Ауызша жұппен жұмыс)

Берілген етістіктерге сұрақ қойып, болымды екенін дәлелдеу, жұрнақ жалғап болымсыз етістік құрастыру

Көру диктанты (31- жаттығу)

Мақалдарды жатқа жазу, болымды, болымсыз етістіктердің астын сызу, сөз құрамына талдау.

1-нұсқа 1-мақал 2-нұсқа 2-мақалды

Атаңның баласы болма, Киіміңе мақтанба,

Адамның баласы бол. Біліміңе мақтан.

Терме диктант (32-жаттығу) Қазақтың тыйым сөздерін оқып, етістіктерді табу, олардың болымды, болымсыз екенін ажырату


III кезең Нәтижеге бағытталған кезең

Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмаларды орындау, ашық журнал парағын толтыру)

1-деңгей

Семантикалық картаны толтыр:

Етістік

Болымды етістік

Болымсыз етістік

жинады







есептемеді







дірілдейді







сыбырлады







азаймайды







сескенбе







кіріп келді







оятты







қақпа







тазалама









Етістік

Болымды етістік

Болымсыз етістік

тігеді







қорықпайды







көтермеді







қозғалды







көбеймейді







жасырын







жүгіріп барды







күзетпеді







шақпа







ұялма










2-деңгей Сызба бойынша сөзді түрлендір:

Түбір сөз болымды етістік болымсыз етістік

Ой- __________________________________________________________________________

Көркем-______________________________________________________________________

Тегіс--________________________________________________________________________

Тұз -_________________________________________________________________________
3-деңгей Болымсыз етістік пен сұраулы сөйлемді салыстыр, қорытынды жаса

Үйілген сұр төбешік күл ме?

Досыңды мұқатып күлме.

Көліктен секіріп түспе.

Жылтыраған қызыл түс пе?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Y. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

«Тірек мәтін» техникасы бойынша етістік түрлерін сызбасын толықтыру

дара негізгі

күрделі етістік туынды

болымды болымсыз



«Ара ұясы» техникасы

(жаңа тақырып бойынша жұптасып, «Қайсысы артық?» ойыны негізінде 2 сұрақтан дайындау)



Үйге тапсырма: 33, 34 - жаттығу

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет