9–тақырып Топырақтың сіңіру қабілеті



Дата08.02.2022
өлшемі19,33 Kb.
#122719
түріҚұрамы
Байланысты:
9 апта тапсырма
44 СН РК 3.02-13-2014

9–тақырып Топырақтың сіңіру қабілеті

Әр топырақтардың сіңіру қабілеті әр дәрежеде қалыптасады. Негізінен, топырақтың сіңіру қабілетінің өте жоғары болуына размерлері 0,001-0,02 мкм өте майда (дисперсті) коллоидтар ықпал етеді.


Топырақ құрамындағы алмаспалы кальций мен магний мөлшерiн трилонометрлік (комплексометрлік) әдісімен анықтау
Сабақтың мақсаты: Топырақ құрамындағы алмаспалы кальций мен магний мөлшерiн анықтау әдістемесін меңгеру.
Әдістің мәні, топырақтағы алмаспалы сіңген кальцийді мурексид индикаторын пайдалана отырып және алмаспалы магнийді күңгірт-көк хром қышқылды индикаторды қоса Трилон Б-мен титрлеуге негізделген.
Көрнекті құрал-жабдықтар: топырақ үлгілері, тесіктерінің диаметрі 1 мм елек, таразы, 100мл, 250 мл колбалар, фильтр қағазы, 1мл, 2мл, 5мл, 10 мл пипеткалар, сілкілеуіш, құйғыш, бюретка.
Реактивтер: 1н. хлорлы калий (KCl), 5%-ды тұз қышқылды гидроксиламин, натрий диэтилдитиокарбамат, 0,05н. трилон Б ерiтiндiсi, 2н. NaON ерітіндісі, хлорлы-аммиакты буферлi ерiтiндi, мурексид, қара хромоген индикаторы және дистилденген су.
Жұмыс барысы:
Ауада құрғатылған топырақтан тесіктерінің диаметрі 1мм електен өткізіп, 30 г топырақ үлгісін таразыда өлшеп, сыйымдылығы 250 мл колбаға 75 мл 1н. хлорлы калий (KCl) тұзының ерiтiндiсiн құяды. Оның аузын резеңкелі тығынмен жауып бiр минут шайқайды да, 18-24 сағатқа қалдырады. Егер бір тәулііке қалдыру мүмкiн болмаса, сілкілеуіште үздiксiз 1 сағат шайқайды. Кейiн колбадағы ерітіндіні сүзгiш қағаз арқылы басқа колбаға сүзедi.
Алмасатын кальций мөлшерiн анықтау
Алынған сүзiндiден пипеткамен 5-10 мл (5мл - негіздермен қаныққан топырақтардан, 10мл – негіздермен қанықпаған топырақтардан) алып, оны сыйымдылығы 100 мл колбаға құяды, оны дистелденген сумен 50 мл-ге жеткізеді. Стакандағы сұйытылған сүзiндiге марганец ионының зиянды әсерiн жою үшiн 0,5 мл 5-пайыздық тұз қышқылды гидроксиламин және ауыр металдарды байланыстыру мақсатында бiрнеше түйiр (пышақ ұшымен) натрий диэтилдитиокарбаматын қосады. Кейін үстіне 2мл 2н. NaOH ерітіндісін құйып, 10-15мг мурексид индикаторын салып, түсi қызғылт түстен қошқыл түске ауысқанша 0,05н. трилон Б ерiтiндiсiмен титрлейдi. Титрлеу барысында колбадағы ерiтiндiнi үздiксiз араластыру үшiн магниттi араластырғыш құралы қолданылады.
Сонымен қатар, бос анықтауды (холостой) бірге жүргізеді. Бос 100мл колбаға 50 мл дистилденген су алып, жоғарыда көрсетілген сүзiндiге қосқан реактивтердi қосып, оны 0,05 н. трилон Б ерiтiндiсiмен титрлейдi.
Сүзiндiге және дистилденген суға (холостой) титрлеуге жұмсалған трилон Б ерiтiндiсiнiң мөлшерiн жазып алады да төмендегі формулаға салып, топырақ құрамындағы алмасатын кальций мөлшерiн анықтайды:

Мұнда, Са2+ - 100г топырақтағы алмаспалы кальций мөлшерi, мг-экв.
а - сүзiндiнi титрлеуге жұмсалған 0,05 н. трилон Б мөлшерi, мл;
б - дистилденген суды титрлеуге жұмсалған 0,05н. трилон Б мөлшерi, мл;
N - трилон Б ерiтiндiсiнiң нормалдығы;
V - топырақ сүзiндiсiнiң жалпы көлемi, мл;
С - талдауға алынған топырақ салмағы, г;
в - талдауға алынған топырақ сүзiндiсiнiң көлемi, мл;
100 – 100 грамм топыраққа ауыстыру коэффициенті.


Топырақ құрамындағы алмаспалы кальций мен магний қосындысын анықтау
Алмаспалы кальцийдi анықтау үшiн дайындалған топырақ сүзiндiсiнен 5 мл алып сыйымдылығы 100 мл колбаға ауыстырады. Үстіне дистилденген сумен 50 мл-ге жеткізеді. 1-2 мл 5-проценттiк тұз қышқылды гидроксиламин, бiрнеше түйiр натрий диэтилдитиокарбамат тұзын, сiлтiлiк орта тудыру үшiн 5 мл хлорлы-аммиакты буферлi ерiтiндiсiн және 10-15мг (пышақ ұшымен) қара хромоген индикаторын қосып, 0,05 н. трилон Б ерiтiндiсiмен шие қызыл түстен ашық көгiлдiр түске өзгергенге дейін титрлейдi.
Топырақ құрамындағы алмасатын кальций мен магний мөлшерiн төмендегi формуламен есептейдi:

мұнда, Са2+ және Mg2+ - 100г топырақ құрамындағы алмасатын кальций мен магний мөлшерi, мг-экв.
а – сүзiндiні титрлеуге жұмсалған 0,05 н. трилон Б мөлшерi, мл.
V - топырақ сүзiндiсiнiң жалпы көлемi, мл;
N - трилон Б ерiтiндiсiнiң нормалдығы;
С - талдауға алынған топырақ салмағы, г;
в - талдауға алынған топырақ сүзiндiсiнiң көлемi, мл;
100 – 100 грамм топыраққа ауыстыру коэффициенті.
Топырақ құрамындағы алмасатын магний мөлшерiн бiлу үшiн кальций мен магний қосындысынан кальций мөлшерiн алу керек.


Тапсырма:
1. Топырақтағы алмаспалы катиондар мөлшерін анықтау әдістері?
2. Топырақтың сіңіру қабілеті дегеніміз?
3. Топырақтың сіңіру қабілеті түрлері?
4. Топырақтағы ғаныштың мөлшерін анықтау әдісі?


Ұсынылатын электронды әдебиеттер:
http://portal.kazatu.kz/e-books/content/bgZAblJ7iz4HienvlcI7/
http://portal.kazatu.kz/e-books/content/5loD7MNVZ8KaxjS68SeT/
http://portal.kazatu.kz/e-books/content/Zls5MOka3LX8ahuJbYIm/
http://portal.kazatu.kz/e-books/content/b0O6JAEhgo1uIcz3B5BJ/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет