Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ
А.А. АБДРАХМАНОВА
ЖӘНИЯ ЯХИЯҚЫЗЫ ӘУБӘКІРОВА –
Қазақстан Республикасының халық әртісі,
әлемге әйгілі пианист
Қарағанды 2014
АЛҒЫ СӨЗ
Қазіргі мәдени процестер Қазақстанда алуан түрлі және әркелкі. Олардың астарында біз қазіргі кездегі өнердің дамып жатқан түрлері мен жанрларын қоса, білім, ғылым және мәдениеттің әртүрлі салалары мен аяларын қамтитын қайта құрулардың, жаңартпалардың және түбегейлі өзгерістердің үлкен спектрін түсінеміз. Тарихи жағдайлар кешенінің салдарынан Қазақстан көп этникалық қоғамы бар мемлекет болып табылады, сондықтан мұнда мәдени процесс ұлттық мәдениеттердің өзара қарым-қатынасымен және өзара ықпалдастығымен байланысты құбылыстарды өз ішіне сіңіріп алады. Мәдени процестер Қазақстан қоғамында еліміздің географиялық ауқымының ұлттық мәдениеттерімен ғана шектеліп қоймайды. Қазақстанның аумағында орын алып жатқан көптеген саяси, тарихи, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің арқасында елімізде адамзаттың рухани мұрасынан барлық жақсылықты сіңіре білетін құтты негіз пайда болды. Таңдалған тақырыптың өзектілігі де осында.
Бұл жұмыста Қазақстан мәдениеті мен өнерін күллі әлемге паш еткен қазақтың аса көрнекті пианиношысы, профессор Ж.Ж. Әубәкірованың өмір және шығармашылық жолдарының қалыптасу кезеңдері қарастырылады. Ж.Әубәкірованың шығармашылығының Қазақстандағы және тыс аймақтардағы шығармашылық өмірінің кейбір қырлары сипатталады. Оның Құрманғазы атындағы Қазақстан ұлттық консерваториясындағы қоғамдық, ғылыми-педагогикалық және басқарушылық қызметі ерекше көрсетіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда музыка мәдениетінің тармақталған құрылымы қалыптасқан. Әркім мұнда көңіліне жағымды әуен таба алады. Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республиканың еуропалық жанрларында музыка ойнаудың дәстүрлі формалары даму үстінде, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың фольклор және ауызша кәсіптік дәстүрлері, әлемдік конфессиялардың діни әуендері, әлемдік көпшілік тыңдайтын музыка рок, эстрада әндері, джаз жақсы дамыған.
Замандасымыз Жәния Әубәкірованың есімі «консерватория» түсінігінен және тәуелсіз Қазақстанның мәдени мұрасының бай дәстүрлерінен ажыратылмастай.
Шені жоғары адам дана емес,
даналығы жоғары адамның шені жоғары...
Ж.Ж. Әубәкірова
Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы – рухани мұрасының асыл қазынасы. Ғасырлар бойы сыннан өткен, халықтың бүкіл шығармашылық дарындығын және даналығын сіңірген ол үшінші мың жылдықта ерекше тарихи маңыздылыққа, ерекше – көркемдік және мәдени құндылыққа ие болды.
Қазақ даласы ғасырлар бойы поэзиямен, өткір шешендік тілмен, шабыттандыратын күйлермен және жүрегіңе бойлайтын әндерден рухтанып өмір сүрген. Музыка қазақтың барлық өміріне бойлаған – ол мерекелерде, дәстүрлерде және салт-жораларда, күнделікті еңбекте және т.б. ойнайды. Қазақ халқы айрықша музыкалық дарынымен ерекшеленеді, практикалық түрде кез келген отбасында тамаша ән айтатын немесе музыкалық халық аспаптарында ойнайтын адам табылады. Халық арасында: «Алла әрбір қазақтың жүрегіне туған сәттен бастап күйдің бөлшегін салған» дейді.
Жүз жылдар бойы музыка мәдениеті шығармаларының басты сақтаушысы және таратушысы халықтың өзі болды. Музыка өнерін ұқыптап сақтап, динамикалық дамытып, ол оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді.
18-19 ғасырларда көптеген фольклорист-ғалымдар қазақ халқының өмірі мен тұрмысына бақылау жүргізген басқа мәдениет өкілдері бола тұра, халықтың ерекше поэтикалық, прозалық және музыкалық талантына, халықтың шығармашылыққа, табан астында музыкалық-поэтикалық суырып салма өнеріне, бүкіл халықтың музыкалық шығармашылыққа кеңінен қызығушылығына таң қалуын және шаттануын тоқтатқан жоқ.
Қазақ халқының таланттылығы туралы Ш. Уәлиханов «Қазақ даласының Геродоты» [1, б. 304] деп атаған, ұлы орыс ғалымы А.И. Левшин: «Қазақтар, адамның ақын немесе музыкант болып туатынының жаңа дәлелі болып табылады» дейді [3, б. 10]. А. Эйхгорн қазақтардың музыкасы туралы өзінің жұмысына кіріспеде «Бірде алаңсыз бала, әрі көңілді. Жасыл жайылымдағы құлыншақтар сияқты, бірде күшті, әрі жарқын, ен даланың көк аспанына көтеріліп бара жатқан бүркіт сияқты өктем және еркін, баладан бастап еңкейген қартқа дейін, бойжеткендер де, сондай-ақ әйелдер де барлығы орындайтын қазақ әндері, - оның ешкімге қол сұқтырмайтын игілігі, халықтың өзінің айнымас көшірмесі болып табылады...» [2, б. 258]. Белгілі орыс ғалымы Г. Потанин қазақ халқының бай ән айту дәстүрлеріне шаттана отырып: «Маған қазақтың бүкіл даласы ән салып тұрғандай сезіледі», - деп жазады [3, с. 10].
Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер, жоғары мәдениет құра отырып, адамдарды «құдай берген құпиялыққа» - музыкаға үйіріп әкетті. Ұлы далада, тәкаппар және рухы еркін олар атақты билеушілері, көрнекті мемлекеттік қайраткерлері мен ірі қол басшылары бар халықпен бір деңгейдегі биіктіктен орын алды.
Өз тарихи кезеңі ішінде қазақ халқы бай музыкалық мәдениеттің баға жетпес қатпарын жасады. Қазақтардың ежелгі ата-бабалары – номадтардың бірегей өркениетіндегі көптеген тайпалары – жаңа дәуірде лайықты жалғасын тапқан бай инструментарий, аспаптық музыка, өзіндік музыкалық-поэтикалық дәстүрлер қалыптастырды.
Қазақстанда жаңа заманғы мәдени процестер көп келбетті және алуан түрлі. Оларды өзгерістердің, инновацияның, білімнің, ғылым мен мәдениеттің түрлі салаларын, қазіргі кезде дамып келе жатқан барлық өнер түрлері мен жанрларын қоса қамтитын түпкілікті түрлендірулердің кең спектрі ретінде түсінеміз. Қазақстанның тарихи жағдайлары кешенінің себебі бойынша полиэтникалық қоғамы бар мемлекет болып табылады. Сондықтан мәдени процесс өзіне ұлттық мәдениеттің өзара әрекеттесуі мен өзара әсерлесуіне байланысты құбылыстарды жинайды. Осы кезде Қазақстанда әлеуметтік дамудың ешқандай басқа саласы сияқты емес, мәдениет саласында ұлттық даму анағұрлым жеке, «таза» күйінде, басқа ұлттың бар жақсысын бойына сіңіре отырып, қатысатынын атап өткен жөн. Сол кезде қазақстандық қоғамның мәдени процестері елдің географиялық масштабтарының ұлттық мәдениетімен шектелмейді. Қазақстанда, өзінің аумағында болатын көп түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық өзгерістердің арқасында құнарлы топырақ қалыптасты, ол адамзат баласы рухани мұрасының бар жақсысын сіңіруге қабілетті, таңдап алынған тақырып осымен маңызды.
Қазіргі даму кезеңінде Қазақстанда музыка мәдениетінің тармақталған құрылымы қалыптасты. Мұнда әркім өзінің жанына жақын дүниесін таба алады. Еуропалық жанрларда орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлі түрлерін дамыту жалғасып келеді, әлемдік бұқаралық музыка рок, эстрада, джаз және әлемдік концессияның діни музыкасы, фольклор және Қазақстанда мекендейтін халықтардың – ұйғырлар, кәрістер, немістер, дұңғандар, орыстар, татарлардың ауызша кәсіптік дәстүрлері әрекет етеді. Республикада түрлі көркемдік бейіндегі орындаушы ұжымдар – Мемлекеттік симфониялық оркестрі, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, әншілер хоры, халық биі ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрлемелі және джазды оркестр жұмыс істейді. Қазақстан – Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Г.Есімова, А.Дінішев, Г.Қадырбекова, А.Мұсахаджаева, Ж.Әубәкірова сияқты көптеген әлемдік ауқымдағы классикалық музыканың көрнекті орындаушыларының отаны.
Қазіргі уақыттың ерекшелігі тарихи ауқымда шешім қабылдау қажеттігімен және барлық рухани және өмір салаларында өзімен бірге айтарлықтай алға жылжуды абстракты емес, нақты адамдармен жүргізетін өзгерістерге жауапкершілікпен шектеледі.
Жәния Әубәкірованың есімін естігенде қандай ассоциация туады?
Әрине, бір жағынан, көрнекті пианист, Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор, Франция әдебиеті мен өнері Орденінің кавалері, «Платиналы Тарлан» және «Алтын Адам» мемлекеттік және тәуелсіз сыйлығының Лауреаты, екінші жағынан – ректор, стратег, республикада ең ірі, әрі көне музыкалық ЖОО-ның жетекшісі, жаңа типтегі менеджер, шығармашылық жігері бар әкімгер осының бәрі - Жәния Әубәкірова!
Жәния Жақияқызы Әубәкірова Қазақстанның мәдениеті мен өнерін әлемдік аренаға шығаратын қазақтың көрнекті пианисті.
Францияда Маргарет Лонг пен Жака Тибо конкурсында (Гран-при, 1983 ж.) және камералы ансамбльдерінің халықаралық конкурсында (Гран-при, 1985 ж.) жеңістен кейін ол Қазақстанның тәуелсіздігін алуына қарай одан сайын кеңейтілген белсенді концерттік қызметін бастады [4, б. 2].
Жәния Әубәкірованың жеке концерттері мен әлемдік музыкалық классиканы және қазақстандық композиторлардың шығармаларын насихаттайтын атақты оркестрлермен орындауы Қазақстанда, Францияның, Англияның, Германияның, Жапонияның, Ресейдің, Польшаның, Италияның, АҚШ-тың, Израильдің, Грецияның, Венгрияның ірі концерттік залдарында ұдайы өтеді. Пианист «Salle Pleyel», «Salle Gaveau», «Barbican Hall», «Wigmore Hall», «Vigoda Hall», Seoul’s Arts Center, «Concert House», «The Kennedy Centre», «Carnegie Hall» залдарында, Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының және Санкт-Петербург филармониясының үлкен залдарында, Мәскеу музыка үйінде өнер көрсетті. Жәния Әубәкірова Валерий Гергиев, Михаил Плетнев, Александр Сладковский, Александр Ведерников, Денис Шаповалов, Марат Бейсенғалиев, Александр Тростянский, Кристоф Мангу, Жан-Гийен Кейрас, «Danel» квартеті, Мариинск театры, Ресей ұлттық оркестрі, Француз радиосы симфониялық оркестрі, Ағылшын камералы оркестрі және т.б. сияқты белгілі музыканттармен және ұжымдармен қызметтес болады. Жыл сайын Оңтүстік Кореяда, Германияда, Францияда, Ресейде шебер-кластар өткізеді. Қазақстанның жоғарғы білім саласында үздік мамандар мен ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. 1997 жылдан бастап – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның ректоры. Оның басшылығымен консерватория еліміздің жетекші музыкалық ЖОО және республиканың мәдени-ағарту центрі болды, 2001 жылы Ұлттық мәртебе берілді [4, б. 4].
Достарыңызбен бөлісу: |