Сабақ түрі: сайыс-сабақ. Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер. «Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»



бет1/2
Дата24.07.2017
өлшемі1,41 Mb.
#22003
түріСабақ
  1   2
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ




Білім көзі кітапта
(сайыс сабағы)

Орындаған: Бесенова А.А.

Кітап белсенділері

Білім көзі кітапта

Мақсаты:


  • оқушылардың анықтамалық құралдармен, сөздіктермен жұмыс істеу білігін дамытуға ықпал ету;

  • оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету;

  • білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу;

  • оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Сабақ түрі: сайыс-сабақ.

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер.

«Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»

Н.Ә.Назарбаев

Нақыл сөздер:

«Кітап - жан айнасы»,

«Кітап - таусылмайтын азық»,

«Кітап – оқу жабдығы, білім сандығы»,

«Кітап – айдың талмас қанаты».



Сабақ-сайыс кезеңдері:

1 кезең. «Кітапхана –кітап үйі» сұрақ-жауап.

2 кезең. «Кім тез?» балалар энциклопедиясымен жұмыс.

3 кезең. Кітапты ұстау бойынша көріністер.

4 кезең. Түсіндірме сөздігімен жұмыс.

5 кезең. «Кітап - біздің досымыз» тақырыбында шығарма.

6 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Білім көзі кітапта» атты кітапханалық ертенгілікке қош келдінісіздер.

Талап қыл артық білуге,

Артық білім кітап,-

деп Абай атамыз айтқандай ілім-білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр-сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден-бір жолдың ордасы – кітапхана.

Кітапхана сабағы ойын түрінде өтеді. Қазір алдарыңызға екі топ «Тапқырлар» мен «Білгірлер» шығады. Әр топтың ұраны болады.

ІІ. Топтарды таныстыру.

1 топ - «Тапқырлар» тобының ұраны: « Талап қыл артық білуге,

Артық білім ғылымда».

Абай.


2 топ - «Білгірлер» тобының ұраны:

«Оқу –білім қазығы,

Адамның азығы.

Оқу өмірдің сәні

Тіршіліктің шамы».

С.Сейфуллин.



ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

1 кезең. «Кітапхана –кітап үйі» сұрақ-жауап.

Слайд көрсетіледі. Екі топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Сұрақтар экраннан көрсетіледі. Бірінші топ жауабын білмесе, екінші топ жауап береді. Толық жауапқа - 2 ұпай, толық емес жауапқа – 1 ұпай.

1.Таусылмас байлық, сарқылмас қазына (кітап).

2. Кітап үйі -... (кітапхана).

3. Кітап құрылысы (кітап сырты, мұқабасы, титулдық бет, форзац)

4. Титулдық бетінде қандай мәліметтер бар? (авторы, аты, баспаның аты, шыққан жылы).

5. Аннотация деген не? (кітап туралы қысқаша мәлімет).

6. Аннотациядан басқа тағы қандай кітап туралы мәліметтер бар? (алғы сөз, безендірілуі, мазмұны).

7. Каталог деген не? (Кітапханадағы кітаптар туралы мәлімет жазылған карточкалары салынатын жәшік).

8. Кітапханада қандай каталогтар бар? (Әліпбилік, жүйелік, электрондық).

9. Анықтама әдебиеттерінің қандай түрлерін білесіздер? (сөздіктер, анықтама, энциклопедия).

10. Біздің кітапханамызда қандай анықтама әдебиеттері бар? (барлық пән бойынша).



2 кезең. «Кім тез?» балалар энциклопедиясымен жұмыс. «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясынан екі топқа сұрақтар қойылады. Ол үшін экраннан суреттер көрсетіледі. Топ мүшелері сол суреттің атын энциклопедияның қай томында, қай бетінде екенін тауып, мағынасын айтуы керек. Тез тапқандарға және толық жауап бергендерге 1 ұпайдан қойылады.

1. Қоян Т.10. 166 бет. Ол кім? Бұл не?

2.Жолбарыс Т.6. 470 бет. Ол кім? Бұл не?

3. Піл Т.12. 422 бет Ол кім ?Бұл не?

4. Қобыз Т.9. 618 бет. Ол кім? Бұл не?

5. Дельфин Т.4 613 бет Ол кім? Бұл не?



6. Шахмат. Т.15. 294 бет. Ол кім? Бұл не?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет