Кол сүйектерінің қосылыстары
45
бөліктерінің
айқын
шеттерімен
шектеледі,
рентге-
нограммада қыртыстық қабат өте жіңішке болып көрінеді.
Бұғананың буындық шеті өлшемдері бойынша акромионның
сәйкес шетінен үлкендеу, сондықтан бұғананың жоғарғы беті
акромионның сәйкес бетінен жоғары шығып тұрады.
Бұғананың төменгі беті акромионмен бір деңгейде
орналасады. Сондықтан акромин-бұғана буынының қалыпты
жағдайын төменгі беттерінің контуры бойынша бағалайды, ол
қалыпты жағдайда бір деңгейде болады (буын беттері
орнынан шығып кеткенде немесе
қозғалғанда бұғананың
және акромионның төменгі беттері әр түрлі деңгейде
орналасады, буындық шеттерінің арасы алыстайды).
3. Жауырынның байламдары. Бұғананы жауырынмен байла-
ныстыратын байламдық аппаратынан басқа,
буынға қатысы
жоқ жауырынның үш меншікті байламы бар.
9-сурет.
Төс-бұғана буынындағы қозғалыстар
46
Артросиндесмология
Олардың біреуі,
lig. coracoacromiale,
иық буынының үсті-
мен күмбез түрінде акромионның алдыңғы жиегінен
processus coracoideus-ке
қарай
созылған, екіншісі,
lig.
transversum scapulae superius,
жауырын тілігінің үстінде
тартыла орналасып,
оны тесікке айналдырады, ал үшінші
байлам,
lig.
transversum
scapulae
inferius,
әлсіздеу,
акромионның негізінен бастап жауырын мойны арқылы
буындық шұңқырдың артқы жиегіне барады; оның астында
a. suprascapularis
өтеді.
ИЫҚБУЫНЫ
Иық буыны,
articulatio humeri,
тоқпан жілікті және сол арқылы
қолдың еркін бөлігін түгел
иық белдеуімен, атап айтқанда,
жауырынмен байланыстырады (10-сурет). Буын түзуге қатысатын
тоқпан жіліктің басының пішіні шар тәрізді. Онымен
байланысатын жауырынның буындық шұңқыры жалпақ шұңқыр
тәрізді болады. Буындық шұңқырдың
жиегінде шеміршекті
буындық ернеу,
labrum glenoidale
орналасқан, ол қозғалысқа әсер
етпей-ақ буындық шұңқырдың көлемін үлкейтеді, әрі тоқпан жілік
басының қозғалыстары кезіндегі соғылу мен шайқалу күштерін
жұмсартады. Иық буынының буындық қапшығы жауырындағы
буындық шұңқырдың сүйекті жиегіне бекінеді де, тоқпан жіліктің
басын қамтып өтіп, анатомиялық мойнында аяқталады. Иық
буынындағы көмекші байламдар ретінде құс түмсық тәрізді өсінді
негізінен басталып буын қапшығына бітісіп кететін тығыз
талшықтар шоғыры,
lig. coracohumerale
болады.
Жалпы иық
буынында нағыз байламдар жоқ, ол иық белдеуі бұлшықеттерімен
бекітіледі. Бұл жағдай, бір жағынан иық буынындағы кең көлемді
қозғалыстарға оң әсер етіп, қолдың еңбек мүшесі ретіндегі
қызметіне қажет жағдай жасайды. Екінші жағынан,
иық буы-
нының әлсіз бекітілуінен оның орнынан жиі шығып кетуіне себеп
болады.
Кол сүйектерінің қосылыстары
47
Достарыңызбен бөлісу: