5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі



Дата10.11.2022
өлшемі14,17 Kb.
#157608
Байланысты:
5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі


5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі.

Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды.Оқу жылының басында мектеп психологы 5 сынып оқушыларымен жұмыс жасады.Бесінші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімдеулерін, қалыптасу деңгейлерін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалынып, көмек көрсетілді.» атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.Треннингке 5 сынып оқушылары белсене қатысты


Оқушылардан «Оқушылардың оқу процесін адаптациялау» сауалнамасы алынып, жұмыс барысында он сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды. Зерттеуге бесінші сыныптардан жалпы 21оқушы қатысты. Зерттеу нәтижесі төмендегідей деңгейде. 38 жоғары көрсетші, 62 орташа деңгейді көрсетіп отыр. Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатысты оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; класта жоғары мәртебеге ие.
Орта деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өз бетінше орындайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; бірақ бақылауды талап етеді; сабаққа қызығушылықпен дайындалады; кластағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.
Оқушылардан «Мектептегі мазасыздығын» анықтау тесті алынды. Оқушылардың мектепке деген қарым қатынастары оң нәтиже көрсетті.
Р.Гудман сауалнамасы алынды. Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқын бағалау үшін.Бұл 25 қасиеттері 5 шкала бойынша бөлінеді.
1.Эмоциялық симптомдар
2 Мінез құлықның мәселесі
3. Гиперактивтілік мәселесі бойынша
4 құрдастарымен өзара қарым қатынас мәселелері
5. Әлеуметтік мінез құлық тармақтары бойынш асұрақтар қамтылды.
Нәтижесінде жүйке психикалық ауыткулары бар балалар анықталмады.
Сонымен қатар оқушылардан проективті тесттер, сынып ішіндегі қарым қатынасты зерттеу барысында Социометрия әдістері алынды.
Қорыта келгенде оқушылардың оқу процесін адаптациялау барысында, бесінші сыныптардың оқу процесі екендігі анықталды. Алынған нәтиже мектеп ішілік педконсилиумда қарастырылады, ата-аналар назарына ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет