А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет18/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

5-
 
сурет. 
Омыртқа аралық диск және доға-өсінділік буындар. Жоға- 
рыдан қарағандағы көрінісі: 1 — төменгі буындық өсінді; 2 — буын 
қапшығы; 3 — буын қуысы; 4 — жоғарғы буындық өсінді; 5 — бел 
омыртқасының қабырғалық өсіндісі; 6 — фиброзды сақина; 7 — іркілдек 
ядро; 8 — алдыңғы бойлық байлам; 9 — артқы бойлық байлам; 10 — 
төменгі омыртқалық тілік; 11 — сары байлам; 12 — қылқан өсінді; 13 — 
қылқан үстілік байлам 


34 
Артросиндесмология 
ОМЫРТҚА ДОҒАЛАРЫНЫҢ 
ҚОСЫЛЫСТАРЫ 
Доғалар бір-бірімен доғалар арасындағы немесе оның 
өсінділері арасындағы буындар және байламдар арқылы қо- 
сылысады. 
1.
Омыртқа доғалары арасындағы байламдар эластикалық 
талшықтардан тұрады, сары түсті болады, сондықтан да 
сары байлам, ligg. flava
деп аталады. Эластикалық 
болғандықтан олар доғаларын жақындатуға тырысады және 
омыртқа аралық дискілердің серпімділігімен бірге омыртқа 
бағанасының тіктелуіне және тік жүруге мүмкіндік береді. 
2.
Қылқанды өсінділер арасындағы байламдар, 
қылқан ара- 
лык,, ligg. interspinalia.
Қылқан аралық байламдардың ті- 
келей жалғасы ретінде жұмырлау келген тартпа түзеді де, ол 
қылқан өсінділердің ұштарының бойымен ұзын 
қылқан 
үстілік байламдар, lig. supraspinalis
түзеді. 
Омыртқа бағанасының мойындық бөлігінде қылқан аралық 
байламдар қылқан өсінділердің ұшынан біраз шығып тұрады 
да, сагитталды орналасқан 
желке байламын, lig. nuchae
түзеді. 
Желке байламы төрт аяқтыларда біршама жақсы жетілген, 
ол басты көтеріп ұстап жүруге көмектеседі. Адамның тік 
жүруіне байланысты желке байламы әлсіз дамыған; қылқан 
аралық және қылқан үстілік байламдармен бірге ол омыртқа 
бағанасының және бастың шектен тыс бүгілуін тежейді. 
3.
Көлденең өсінділер арасындағы байламдар, 
көлденең 
аралық, ligg. intertransversaria,
омыртқа бағанасының қа- 
рама-қарсы бағытқа бүйірлік қозғалыстарын шектейді. 
4.
Буындық өсінділер арасындағы қосылыстар — 
доға өсін- 
ділік буындар, articulationes zygapophysiales,
жалпақ, аз 
қозғалатын, үйлесімді болып келеді. 


Омыртқа бағанасының бас сүйекпен қосылысы 
35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет