А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

7-сурет
Ауыз омыртқа-білік буыны 
Artt. atlantoaxiales-те
бір ғана қозғалыс жүзеге асады — басты 
вертикалды білікте айналдыру (басты оңға және солға айналдыру, 
келіспеу белгісі), бұл қозғалыс білікті омыртқаның тісі арқылы 
болады, бұл кезде бас тісті айнала ауыз омыртқа- 


Омыртқа бағанасының бас сүйекпен қосылысы 
39 
мен бірге қозғалады (цилиндр тәрізді буын). Бір мезгілде ауыз 
омыртқа және білік омыртқа арасындағы буындарда да қоз- 
ғалыстар болады (7-сурет). Тістің ұшы айналма қозғалыстар 
кезінде 
ligg. alaria
арқылы бекітіліп тұрады, ол қозғалысты 
реттейді және жақын жатқан жұлынды шайқалудан сақтайды. Бас 
сүйектің екі мойын омыртқасымен қосылыстарында қозғалыстар 
айтарлықтай емес. Бастың үлкен көлемді қозғалыстары көбінесе 
омыртқа бағанасының мойын бөлігі түгел қатысқанда болады. Бас 
сүйек-омыртқа қосылыстары адамда тік жүруге және басты көтеріп 
жүруге байланысты біршама жақсы дамыған. 
ТҰТАС ОМЫРТҚА БАҒАНАСЫ 
Омыртқа бағанасы вертикалды орналасқанымен де, тік емес, 
сагитталды жазықтықта иілімдер түзеді. Иілімдер кеуде бөлігінде 
және сегізкөзде артқа қарай, ал мойын және бел бөлігінде — алға 
қарай дөңестеніп иілген. Артқа дөңестенген иілімдер — кифоздар, 
kyphosis,
ал алға дөңестенген иілімдер — лордоздар, 
lordosis
деп 
аталады. Нәрестелерде омыртқа баға- насы тік орналасқан деуге 
болады, иілімдері айқын емес. Бала басын ұстай бастаған кезде 
мойын аймағында иілім пайда болады, бастың көп бөлігі омыртқа 
бағанасының алдына қа- рай шығып тұрғандықтан, төмен түсіп 
кетуге бейім болады, сондықтан басты жоғары ұстап тұру үшін 
омыртқа бағанасы алға қарай иіледі, бұған баланың басын 
қайта-қайта көтеруі және оны сол күйде ұстап тұруға тырысуы 
кезінде бастың артқы топ бұлшықеттерінің жиырылуы себепкер 
болады. Осының нәтижесінде мойын лордозы пайда болады. Бұдан 
кейін отырған кезде кеуде кифозы, ал бала тұрып және жүре 
бастағанда басты иілім — бел лордозы пайда болады. Соңғысы 
пайда болған кезде жамбас алға қарай иіледі, ал онымен аяқтар 
байланысқан; омыртқа бағанасы, вертикалды жағдайда қалуы үшін 
бел бөлімінде иілуі керек, осыдан ауырлық орталығы 


40 
Артросиндесмология 
ұршық буыны білігінің артына қарай ауысады және осы ар- қылы 
түлғаның алға қарай шығып кетуін болдырмайды. Екі лордоздың 
пайда болуы екі кифоздың (кеуде және сегізкөз- құйымшақ) 
дамуына экеледі, бұл денені вертикалды ұстап тұрған кезде 
тепе-теңдікті сақтау үшін керек. Осылай иілген омыртқа бағанасы 
эластикалық болуына байланысты бастың, қолдардың және 
түлғаның ауырлық жүктемесін көтереді. Жүктеме көбейген сайын 
омыртқа бағанасындағы иілімдер үлкейеді, кері жағдайда 
кішірейеді. Омыртқа бағанасындағы иілімдер жүгіргенде және жай 
жүргендегі соққылар мен шайқалулардың күшін жұмсартады, 
соққының күші иілімдердің қисаюын күшейтіп, бас сүйекке және 
ондағы миға берілмеуіне жұмсалады. Осы айтылған иілімдерден 
басқа сагитталды жазықтықтағы омыртқа бағанасының кеуде 
бөлігінде фронталды жазықтықта орналасатын әлсіз білінетін, 
көбінесе оң жаққа қарай иілген (сирек жағдайда — солға) иілім 
байқалады. Бұл омыртқа бағанасының бүйірлік қисаюы сколиоз, 
skoliosis,
деп аталады. Мысалы, мектеп оқушылары ұзақ уақыт 
қозғалмай қисайып отырған кезде, омыртқа бағанасының айқын 
бүйірлік қисаюы — оқушы сколиозы пайда болады. Кейбір ма- 
мандық түрлерінде жұмыс кезінде түлғаны үнемі қисайтып 
ұстағаннан жедел сколиоз дамиды. Сколиоздың алдын алу үшін 
сэйкес жаттығулар жасап жүру керек. 
Қартайғанда омыртқа бағанасы өзінің иілімдерін жоғалтады; 
омыртқа аралық дискілердің қалыңдығы және омыртқалардың 
өздері де кішірейіп, омыртқа бағанасы эластикалық қасиетін 
жоғалтып, алға қарай иіледі де, бір үлкен кеуделік иілім (кәрілік 
бүкірлік) пайда болады, сонымен қатар омыртқа бағанасының 
ұзындығы айтарлықтай азаяды. 
Омыртқа бағанасындағы қозғалыстар. Омыртқа аралық 
дискілер және байламдар көмегімен омыртқа бағанасы икемді 
және эластикалық вертикалды бағана түзеді, бұл жерде екі 
эластикалық жүйе бір-біріне қарсы әсер етеді: шеміршектер 
омыртқалардың бір-біріне жақындауына кедергі жасаса, 


Қабырғалардың қосылыстары 
41 
ал байламдар — бір-бірінен ажырап кетуге кедергі болады. 
Омыртқа бағанасын құрайтын сегменттер саны көп болған- 
дықтан, жеке омыртқалар арасындағы ұсақ қозғалыстар бірігіп, 
бүкіл омыртқа бағанасына айтарлықтай қозғалғыштық береді. Ең 
көп қозғалатын — омыртқа бағанасының мойын және бел 
бөлімдері, ал азырақ қозғалатын — қабырғалармен қосылыстарына 
байланысты кеуде бөлігі. Сегізкөз мүлдем қозғалмайды. 
Омыртқа бағанасында мынадай қозғалыстар болуы мүмкін: 
1)
фронталды білікте — бүгу және жазу; 
2)
сагитталды білікте — оңға және солға иілу; 
3)
вертикалды білікте — түлғаны айналдыру (оңға және солға 
бұрылу). 
Бұдан басқа айналма қозғалыстар, сонымен қатар сәйкес 
бұлшықеттерді жиырып немесе босаңсыта отырып иілімдерін 
үлкейтіп немесе тегістеу арқылы омыртқа бағанасын ұзарту және 
қысқарту (серіппелік қозғалыстар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет