Кол сүйектерінің қосылыстары
53
көріністерінде бұл бөлімдердің барлық бөлшектері анық көрінеді.
Бүйір көріністе
trochlea
және
capitulum humeri
бірінің үстінде бірі
көрінеді, сондықтан олардың көлеңкесі
топтасқан дөңгелектер
түрінде
көрінеді.
Articulatio
humeroulnaris,
articulatio
humeroradialis, art. radioulnaris proximalis-тердің
«рентгендік
буындық саңылаулары» анық көрінеді.
Артқы рентгенограммада иық-кәрі жілік буынының саңылауы
ерекше анық көрінеді, бүйір көріністе
ұзын бойына иық-шынтақ
жілік буынының саңылауы көрінеді.
Шынтақ буыны артериялық қанды
аа. collateralis ulnares
superior et inferior (a. brachialis-тен), a. collateralis media
және
collateralis radialis (a. profunda brachii), a. recurrens radialis (a. ra-
dialis-тен),
a. recurrens interossea (a. interossea posterior-дан), a.
recurrens ulnaris anterior et posterior (a. ulnaris-тен)
түзетін
rete
articulare-ден
алады. Тамырлық қаны аттас тамырлармен қолдың
терең тамырларына қүйылады —
vv. radiales, ulnares, brachiales.
Лимфасы
терең лимфа тамырларымен
nodi lymphatici cubitales-ке
барады. Буын қапшығын жүйкелендіретін
n. medianus, n. radialis, n.
ulnaris.
БІЛЕК СҮЙЕКТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ
ҚОСЫЛЫСТАР
Бұл сүйектер бір-бірімен екі шеттеріндегі үйлесімді буындар —
art. radioulnaris proximalis
және
art. radioulnaris distalis
арқылы
қосылысады. Басқа бөліктері ұзын бойына сүйек
аралық жарғақ
арқылы байланысады.
Art. radioulnaris proximalis
шынтақ
буынының қапшығында орналасқан және жоғарыда сипатталды.
Art.
radioulnaris
distalis
шынтақ
сүйектің
басының
circumferentia articularis
және
кәрі жіліктің
incisura ulnaris-інен
пайда болады. Бұл қосылыстардың түзілуіне сонымен қатар үшбү-
рыш пішінді шеміршекті табақша,
discus articularis,
қатысады, ол
жалпақ негізімен
incisura ulnaris-тің
төменгі жиегіне, ал
54
Артросиндесмология
ұшымен — шынтақ сүйектің біз тәрізді өсіндісіне бекінеді.
Дисталды кәрі жілік-шынтақ буыны
пішіні бойынша цилиндр
тәрізді, айналу білігі вертикалды және осындай проксималды
буынмен қызметі жағынан тұтас үйлесімді буын түзеді.
Сүйек аралық жарғақ,
membrana interossea,
мықты
фиброзды
жылтыр табақша (синдесмоз), кәрі жілік пен шынтақ сүйектердің
margo interossea-лары
арасында керілген және білек бұлшықеттері
бекінуі үшін негіз болып табылады. Жарғақтың жоғарғы жиегінің
астында тесік орналасқан, ол жерде
art. interossea posterior
өтеді.
Жарғақтың төменгі бөлігінде де тамырлар
өтетін бірнеше тесік
болады; олардың ішінде ең үлкенінен
a. interossea anterior
өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: