А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

artt. intermetacarpeae,
4 соңғы алақан 
сүйектерінің бір-біріне жанасқан негіздері арасында 
орналасады; бұл сүйектердің негіздерінің қосылысатын 
беттері мықты байламдармен, 


Кол сүйектерінің қосылыстары 
61 
ligg. metacarpea interossea,
байланысады. Алақан аралық 
буындардың қапшығы көлденең орналасқан сыртқы және 
алақандық байламдармен, 
ligg. metacarpea dorsalia et 
palmaria,
бекітілген. 
4.
Бас бармақтың білезік-алақандық буыны, 
art. carpometa- 
carpea pollicis,
басқа білезік-алақандық буындардан мүлдем 
бөлек және олардан құрылымы мен қозғалғыштығы бойынша 
ерекшеленеді. Ол бір-бірімен ер-тоқым тәрізді буындық 
беттерімен қосылысатын және жалпақ буын қапшығымен 
қапталған 
os trapezium-мен
I алақан сүйегінің негізінен 
құралған. Нағыз ер-тоқым тәрізді буын болғандықтан бұл 
жерде бір-біріне перпендикуляр біліктерде қозғалады: 
көлденең білік, 
os trapezium 
арқылы өтеді, және сагитталды, I 
алақан сүйегінің негізі арқылы өтеді. Бұл біліктердің 
біріншісінде бас бармақты оның алақан сүйектерімен бірге 
бүгу және жазу жасалады, бірақ білік көлденеңнен гөрі 
қиғаштау орналасқандықтан, саусақ бүгілген кезде алақан 
жаққа 
қарай 
шынашаққа және 
басқа 
саусақтарға 
қарама-қарсы орналасады. Бұл қозғалыс қарама-қарсы қою, 
oppositio, 
деп аталады; кері қозғалыс 
repositio
деп аталады. 
Сагитталды біліктегі қозғалыстарға бас бармақты сұқ 
саусаққа әкелу және әкету жатады. Әкету және әкелу 
кезіндегі қозғалыс көлемі 45—60° құрайды және 
қарама-қарсы қою мен керу қозғалу кезінде 35—40° құрайды. 
Осы айтылған қозғалыстардан басқа 
circumductio
да болады. I 
саусақтың ер-тоқым тәрізді буыны адамның еңбек 
қозғалыстарына байланысты жетіліп отырады. 
5.
Алақан-саусақ буындары, 
artt. metacarpophalangeae,
ала- қан 
сүйектерінің дөңес бастары мен проксималды бунақтардың 
негізіндегі шұңқырларының арасында түзіледі, пішіні 
бойынша эллипс тәріздіге жақын. Байланыс аппараты екі 
қосымша байламнан, 
ligg. collateralia
тұрады, олар алақан 
сүйектері бастарының шынтақ жілік пен кәрі жілік 
беттеріндегі шұңқыршақтардан басталып, 


62 
Артросиндесмология 
проксималды бунақтар негізінің бүйір жақтарына қиғаш 
бекінеді. Алақандық жағында талшықты шеміршектері бар 
буылтық, 
lig. palmare,
орналасады. Осы буылтыққа 
байланысты II—V алақан сүйектерінің бастары арасында 
алақандық жағында көлденең мықты фиброзды байламдар, 
ligg. 
metacarpea 
transversa 
profunda,
орналасады. 
Алақан-бунақ буындарындағы қозғалыстар екі білікте 
қозғалады: фронталды — барлық саусақтарды бүгу және 
жазу, ал қозғалыстар көлемі 90—100° және сагитталды — 
саусақтарды 45—50° әкету және әкелу. Соңғы қозғалыс- 
тарды тек саусақтар жазулы кезде, 
ligg. collateralia,
бос 
тұрғанда жасауға болады; бүккен кезде олар керіліп, бүйірлік 
қозғалыстарға 
кедергі 
жасайды. 
Осы 
айтылған 
қозғалыстардан басқа, саусақ айтарлықтай көлемде ай- налма 
қозғалыс, 
circumductio,
жасай алады. 
6.
Бунақ аралық буындар, 
artt. interphaldngeae manus,
көр- 
шілес бунақтардың бастары және негіздері арасында тү- 
зіледі, типті шығыршық тәрізді қосылыстар, көлденең 
(фронталды) білікте бүгу және жазу қозғалыстарын жасай 
алады. 
Қосалқы байламдар, 
ligg. collateralia,
буынның бүйірлерінде 
орналасады. Рентгендік көрінісінде қол басының алақандық 
жағында оны түзетін сүйектер және оның бөлшектері көрінеді. 
«Рентгендік буындық саңылаулар» сәйкес сүйектердің буындық 
беттері арасындағы ашық жолақ түрінде көрі- неді. 
Кәрі жілік-білезік буынында «рентгендік саңылау» медиалды 
жағында осы жерде орналасқан рентген сәулелерін ұстай алмайтын 
буындық дискіге (үшбұрышты шеміршек) сәйкес кеңейген. 
Қол басы қаңқасының негізгі сүйектерінен басқа, рентгендік 
көріністе қосымша немесе тұрақсыз сүйектер де кездеседі: 
1) 
os centrale carpi
— жануарларда болатын сүйек, 
рудимент ретінде қарастырылады, 
ossa trapezium, 
capitatum et scaphoideum
арасында орналасқан; 


Аяқ сүйектерінің қосылыстары 
63 
2)
os. styloideum
— III алақан сүйегінің 
processus styloideus- 
інің дербес дамуынан пайда болған; 
3)
os trapezoideum secundarium — os trapezoideum-нің
қосар- 
лануы деп қарастырады;
 
4)
os triangulare —
кәрі жілік сүйегінің 
processus styloideus- 
інің бітіспеген бөлігі. 
Бұл тұрақсыз сүйектер диагностикалық қателіктердің себебі 
болуы мүмкін. 
Қол басы буындары қан тамырларын терең алақандық ар- 
териалық доғадан және 
rete carpi palmare et dorsale-ден
алады. 
Тамырлық қаны қол басының терең тамырларына және одан әрі
vv. ulnares, radiales, interosseae-ларға
құйылады. Лимфасы терең 
лимфа тамырларымен 
nodi lymphatici cubitales-ке
құйылады. Буын 
қапшығы 
n. medianus, n. radialis, n. ulnaris
тармақтарымен 
жүйкеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет