А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет4/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

АРТРОСИНДЕСМОЛОГИЯ 
(ARTHROSYNDESMOLOGIA) 
Артросиндесмология — буындар мен байламдар туралы ілім 
(гректің 
arthros —
буын, 
desmos —
байлам, 
logos —
ілім деген 
сөздерінен шыққан). Адам денесінде әр түрлі сүйек қосылыстары 
(230-ден аса буын, шамамен 1000 байлам және т.б.) кездеседі. 
Қаңқа сүйектері өзінің даму филогенезінде үш кезеңнен өтеді: 
дәнекертіндік, шеміршектік және сүйектік. Соған сәйкес сүйектер 
қосылыстары 
да 
дәнекертіндік, 
шеміршектік, 
сүйектік 
(синостоздар) 
немесе 
үздікті 
қосылыстар 
(синовиалдық 
қосылыстар немесе буындар) болып бөлінеді. Мұндай жіктелуге 
тек бассүйек күмбезінің сүйектері мен бет сүйектері жатпайды
олар дамудың екі кезеңінен ғана өтеді — дәнекертіндік және 
сүйектік. Сондықтан да олардың арасында шеміршектік 
қосылыстар да, синовиалдық қосылыстар да болмайды, олардың 
арасындағы қосылыстар тек дәнекер тіні немесе сүйек тіні түрінде 
ғана болады. 
Онтогенезде сүйектер қосылыстарының дамуы филогенездік 
даму үдерісін сипаттайды. Жатырішілік дамудың 1—2 айында 
қаңқаның бастамалары бір-бірімен мезенхима жолағы арқылы 
байланысады, ол біртіндеп дәнекер тінге немесе шеміршекке 
айналады. Қызметіне байланысты сүйек қосылыстары дәнекертін 
(фиброзды немесе эластикалық), шеміршек, сүйек тіні немесе буын 
болуы мүмкін. 
Жатыр ішілік дамудың екінші айында сүйектің шеміршектік 
моделіндегі мезенхима тығыздала бастайды — бұл мезенхиманың 
шеміршек алдындағы тығыздалу кезеңі. Бүдан кейін түтікті 
сүйектердегі шеміршекті диафиздерінің қалыптасу кезеңі келеді, 
эпифиздері мезенхималық болып қала береді, ал болашақ буынның 
орнында мезенхима борпылдақтанып, буын қуысы пайда болады. 
Басында ол мезенхималық тығыздалудың ортаңғы бөлігінде 
орналасады. 3—4 айда сүйектердің диафиздері сүйектеніп, 



Артросиндесмология 
оларда жілік майының өзегі пайда болады, ал эпифиздер ше- 
міршектік болып қала береді. Буынның ішінде көмекші аппараттар 
дамиды (буын ішілік байламдар, дисктер, менисктер және 
қатпарлар). Бір мезгілде қоршаған мезенхимадан буын қапшығы, 
буын ішілік байламдар және синовиалдық қапшық пайда болады. 
Буындық беттердің пішіні туылатын уақытта да қалыптасып 
бітпейді, себебі ұрықта және нәрестеде пішін түзу қызметінің әсері 
болмайды. Ұрықта буындық беттер жалпақ немесе шар тәрізді, 
буын қуысы үлкен, көмекші аппараттар тек туылатын уақытта ғана 
қалыптасып бітеді. Әрі қарай қозғалыстың әсерінен буындық 
беттер қажетті пішінге ие болып, буын қапшығы байламдармен 
және қоршаған бұлшықеттердің сіңірлерімен бекітіледі. 
Жіктелуіне байланысты сүйектер қосылыстары екі негізгі түрге 
бөлінеді — үздіксіз және үздікті, олардың әрқайсысы өз кезегінде 
бірнеше топтарға бөлінеді. 
Сүйектердің бедері көбінесе қосылыстардың белгілі бір түрін 
білдіреді. Үздіксіз қосылыстарға сүйектердің беттерінің бұдырлы, 
қырлы, төмпешікті, шұңқырлы болып келуі тән болса, үздікті 
қосылыстарға буын беттерінің пішіні әр түрлі болып келуі тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет