М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Әлеуметтік-гуманитарлық
факультет деканы
__________ Хайдаров Е.Е.
(қолы) (аты-жөні)
«______» _________ 2009 ж.
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы
« Деректану»
050114 «Тарих»
мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
____________________________________________
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
____________________________________________
Курс- ІІІ
Семестр – І, V, VII
Кредит саны – 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – І, V, VII -ші семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал
2009 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені _____________________________________
(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)
типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Құрастырушы: Дюсенгалиева М. Г.
_______________________________________________________________
Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі _____________ А.А.Какимова
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының отырысында қарастырылды.
«_____» _______________2009 ж. № ____ хаттама.
Кафедра меңгерушісінің орынбасары : ___________ Исмурзин Ж.А.
Факультеттің оқу- әдістемелік
кеңесінің төрағасы: ______________ _______________________
(қолы) (аты-жөні)
Курс бағдарламасына (Sillabus) 2008/2009 оқу жылында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.
Курс бағдарламасына келесі өзгертулер (толықтырулар) енгізілді:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының отырысында қарастырылып мақұлданды.
“___” ______________2009 ж. № __хаттама.
Кафедра меңгерушісінің орынбасары м.а. __________ Исмурзин Ж.
(қолы) (аты-жөні)
_________________педагогика институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралтырылды
“___” ___________ 2009 ж. № __ хаттама.
Педагогика институтының оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы _______________ .
(қолы) (аты-жөні)
1.Пәннің оқу-әдістемелік кешені _____________________________________
(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)
типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының оқытушысы, Дюсенгалиева Мерзат Ғұбайдоллақызы Офис: № 3 оқу корпусы. Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: Сарайшық көшесі, 34. 409 каб.
Жұмыс телефоны: 51-04-69
Е-mail:
2.2 Пән туралы мәлімет
Деректану
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практикалық) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің атпаға бөліну кестесі:
-
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
(2 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 3
(1 практика)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 3
Өту орны: №3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
ІІ
|
IY
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
1.3 Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат: Басқа да халықтар сияқты, қазақ халқының тарихы да негізінен өзінің төл тума деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тану еліміз тарихын оқып білудің шешуші шарттарының біріне жатады. Деректерді тану ісімен тарих ғылымының маңызды саласының бірі- деректану айналысады. Деректану, тарихнамамен қатар, келешек тарихшы мамандардың теориялық-методологиялық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының өзіндік ерекшелігінен туындайды: тарих объектісі- «қоғамның өткенін»- тарихшы тікелей зерттей алмайды, ол тек тарих ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректер арқылы ғана танылады. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болды. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер зерттелді және нақты тарихи фактіні тануға «дерек не береді»- деген мәселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты.
Деректік базаның кеңейуіне, ғылыми айналымға жаңа деректер тобының молынан тартылуына байланысты, нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе процестің әр түрлі деректерге бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туындады. Эмпирикалық жолдармен жасалынған және ұзақ жылдарға созылған іс-тәжірибелік сынақтан өткен тәсілдер «дерек оқиғаны қалай бейнелейді»- деген проблеманы шешуге көмектесетін жазба деректерді зерттеу методикасына айналды. Жазба деректер заттай (археологиялық) деректерден бөлек зерттеле басталды. Бүгінгі күні деректану бірнеше салалардан тұратын, жан-жақты дамыған ғылымға айналды.
Курс мақсаты: Деректану пәнінің мақсаты-студенттерді фактілік және теориялық мәселелер кешенімен таныстыру, деректің табиғатын белгілі бір уақыттағы әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу, тарихи заңдылықтарды ашу негізінде студенттерде тарихи ғылыми дүниетаным қалыптастыру, олардың танымдық қабілеттерімен тарихи мәліметтерге тәжірибелік жұмыс жасау дағдыларын дамыту, Отан сүйгіштік және патриоттық сезімдерін қалыптастыру, бүкіл адамзаттық тарихи құндылықтарды ұғындыру.
Курс міндеті:- Деректанудың негізгі кезеңдерінің деректерімен және олардың ерекшеліктерімен танысу, деректанудың теориялық және методологиялық мәселелерін, әдіс-тәсілдерін, принциптерін оқып-үйрену;
-деректерді іздеп табу, таңдау және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру;
-тарихи зерттеудің өкілетті тарихи-ақпараттық негізін жасау;
-деректанудың ұғымдық-терминологиялық аппаратын меңгеру;
-деректерді талдау барысындағы білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білу мүмкіндігін игеру;
-Қазіргі Қазақстан Республикасы тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде пәннің тарихи орны мен маңыздылығын таныту.
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Қазақстан тарихнамасы, Археология, Қосалқы тарихи пәндер т.б.
Постреквизиттер: Курс соңында студенттер жазба, археологиялық деректер негізінде Деректану курсы бойынша тарихи құбылыстарға деген жеке көзқарасын қалыптастырады және ұлттық құндылықты бағалауға жетелейді, сондай-ақ, тарихи деректерді жан-жақты талдау, құжаттарды салыстыру, деректанулық сыннан өткізу мен деректердің шынайылық дәрежесін анықтауды үйренеді.
Оқыту әдістемесі: Курс негізінен басты оқу материалдары қамтылған және практикалық дағдылар мен сабақ барысында берілетін түсініктер бекітілетін дәріс түрінде және практикалық сабақтар арқылы жүргізіледі. Студенттердің білімін үй тапсырмаларын тексеру, оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Сабақ мазмұны мен кестесі
1 апта
1 кредит сағат
№ 1 дәріс
Тақырып: Кіріспе. Деректанулық ұғымдар мен терминдер.
Достарыңызбен бөлісу: |