Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Қазақстан тарихнамасы, Археология, Қосалқы тарихи пәндер т.б.
Постреквизиттер: Курс соңында студенттер жазба, археологиялық деректер негізінде Деректану курсы бойынша тарихи құбылыстарға деген жеке көзқарасын қалыптастырады және ұлттық құндылықты бағалауға жетелейді, сондай-ақ, тарихи деректерді жан-жақты талдау, құжаттарды салыстыру, деректанулық сыннан өткізу мен деректердің шынайылық дәрежесін анықтауды үйренеді.
Оқыту әдістемесі: Курс негізінен басты оқу материалдары қамтылған және практикалық дағдылар мен сабақ барысында берілетін түсініктер бекітілетін дәріс түрінде және практикалық сабақтар арқылы жүргізіледі. Студенттердің білімін үй тапсырмаларын тексеру, оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Сабақ мазмұны мен кестесі
1 апта
1 кредит сағат
№ 1 дәріс
Тақырып: Кіріспе. Деректанулық ұғымдар мен терминдер.
Дәрістің мазмұны 1. Қазақ тілінде терминдердің қалыптасуы. 2. Деректанулық ұғымдар мен терминдердің анықтамалары. Әдебиеттер:
Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет
3. Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
Техникалық оқу құралдары: картотекалар
ОЖСӨЖ мазмұны: Жалпы курсқа қатысты әдебиеттермен таныстыру. Каталогтармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін үйрету.
СӨЖ мазмұны: «Тарихи дерек», «тарихи факт», «сыныптау» т.б. деректанулық терминдермен кеңірек танысу.
Әдебиет: Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж., 7-14 бет
Достарыңызбен бөлісу: |