А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы


ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



бет25/70
Дата21.10.2023
өлшемі356,06 Kb.
#187291
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Байланысты:
А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы-emirsaba.org

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі


Тапсырманың мақсаты мен мазмұны




Ұсынылатын әдебиеттер


Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)


Балл


Бақылау түрі

1

Дәріске қатысу

Теориялық білімді тексеру


ПӨӘК бойынша


1-15 апта




0,5

Жазбаша немесе ауызша


2

Семинар тапсырмаларын орындау

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру


ПӨӘК бойынша


1-15 апта




1

Жазбаша немесе ауызша


3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

Өзіндік жұмысты тексеру


ПӨӘК бойынша


1-15 апта




1,5

Ауызша сұрау, жазба жұмысын тексеру


4

Жеке жұмыс /кроссворд, эссе, карта, глоссарий, схема, таблица, әдебиеттерге шолу/

Ғылымилық, ақпараттылық, дәлелділік, танымдық қасиеті шындау


ПӨӘК бойынша


8 апта





6

Жұмысты орындау және тапсыру


5

Перезентация

Ғылыми-шығарамашылық дағдысын қалыптастыру


ПӨӘК бойынша


15 апта





9

Жұмысты орындау және тапсыру


4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ







Әдебиет атауы




Барлығы



Ескерту



кітапханада




кафедрада




Студенттердің қамтылу пайызы (%)


Электронды түрі






1


2


3


4


5


6


7


1

Атабаев Қ. Деректану.-«Қазақ тарихы» баспасы,А., 2007.


15



5





2

Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы.- А: Білім баспасы, 2001.

22



4,8





3

Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. А; 96.

3



1,3





4

Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита южного Казахстана.- А: 1989.

2



0,44





5

Асфендияров С. История Казахстана.- А-А: 1993.

2



0,44





6

Гумилев Л.Н. Көне түріктер.- А: 1994.

25



5,5





7

Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар.- А: 1994. К.1., К.2.

30



6,6





8

Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии.- М: 1964.

10



2,2







5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ


1 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Қазақстан Республикасы тарихы дерекнамасы курсына кіріспе.
Дәрістің мазмұны: Деректану – тарих ғылымының маңызды салаларының бірі болып табылады.
Деректану тарихнамамен қатар болашақ тарихшы мамандардың теориялық-методикалық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады. Тарих объектісі қоғамның өткенін тарихшы тікелей зерттей алмайды. Ол тек тарих ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректерді сыни талдау арқылы ғана зерттей алады. Тарихи деректерді сын елегінен ғылыми негізде өткізудің қажеттігі мен маңызы туралы белгілі орыс ғалымы Л. Гумилев былай деп жазды: «Оларға тарихи сын әдісін қолданбай деректерді оқу ешқандай мән-мағына бермейді».
Сол деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға кәсіпқой тарихшыларды үйрететін ғылым – деректану ғылымы. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болды. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер зерттеуді және нақты тарихи фактіні тануға дерек не береді деген мәселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты. Деректік базаның кеңеюіне ғылыми айналымға жаңа деректер тобының молынан тартылуына байланысты нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе процестің әр түрлі деректерде әр түрліше бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туындады. Империкалық жолмен жасалған және ұзақ жылдарға созылған іс тәжірибелік сынақтан өткен тәсілдер дерек оқиғаны қалай бейнелейді деген проблеманы шешуге көмектесетін жазба деректерді зерттеу методикасына айналады. Жазба деректер археологиялық және заттай деректерден бөлек зерттелетін болады.
Егер ғылым ретінде А. Байтұрсынұлы айтқандай «тарихтың қызметі бүтін адам баласының яки бір жұрттың екінші бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпау болса, деректанудың ғылым ретіндегі қызметі тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнелену дәрежесін зерттеу». Демек тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылады. Деректану тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті жоғарыда айтқандай, тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнеленуін зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет