А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы


Әдебиеттер тізімі: 1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж



бет26/70
Дата21.10.2023
өлшемі356,06 Kb.
#187291
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы-emirsaba.org

Әдебиеттер тізімі: 1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.


  1. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Деректанудың өзекті категориясы не болып табылады?
2. Деректерді жіктегенде неге «сыныптау» деп қарастырамыз?
3. Деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және тарих ғылымдарымен арақатынасы қалай?
2 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Деректану теориясы.
Дәрістің мазмұны:Ежелгі дәуірдегі, әуелгі және кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер түрлі тілдерде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, араб, парсы, түрік тілдерінде жазып қалдырылған. Бұл түпкі деректемелердің ақпараттық деңгейі оның хронологиялық және аймақтық шектеулілігі, сондай-ақ осы аймақтың халықтары мен тайпалары тарихының мейлінше әртүрлі болуы салдарынан ерекшеленеді.сондай-ақ тарихи үрдістің дамуына қарай жазба ескерткіштердегі нақты материалдардың жинақталуы да өскелең бағытта жүреді. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен ұштастырып алғанда жазбаша ақпараттың сипаты мен мазмұны жөнінен былайша алуын түрлі болуы 2,5 мыңжылдықтан астам уақыт бойындағы тарихи оқиғаларды, Қазақстанның әр түрлі этностарының шаруашылық және әлеуметтік қатынастарын, мәдениетін, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын зерттеуге мүмкіндік береді. Деректемелердің негізгі топтарының сипаттамасына тоқталайық.
Қазақстан халықтарының тарихы жөніндегі деректемелр Дарий (б.з.б. 522-486 жж.) және Ксеркс (б.з.б. 486-465 жж.) патшалардың Ахеменид державасында қолданылған негізгі үш тілде: көне парсы, элламдық және аккад тілдерінде жазылған ежелгі парсы жазбалары болып табылады.
Дарийдің өкімет басына келуінің және содан кейін болған азамат соғысының мән-жайы туралы баяндалатын. І Дарийдің Бехистун жазбасының да мейлінше зор маңызы бар. Жазбада «елдер» – тайпалық облыстар тарихы келтіріліп, Таяу және Орта Шығыстың, сондай-ақ Орталық Азияның тарихи географиясы жөнінде едәуір материал берілді. Қазіргі уақытта ғылыми әдебиетте, әсіресе археологиялық әдебиетте сақ тайпаларының аталған жазбалары – хаумаварга мен тиграхауда Қазақстан аумағына қатысты деген пікір орныққан, алайда Ахеменидтер дәуірінің басқа жазбаларын тарта отырып, жазба деректеріне мұқият талдау жасау бұл тайпалардың Хамун көлі маңында, қазіргі Иран мен Ауғанстан шекарасында, кейіннен Сақастан аталған ауданда орналасқанын көрсетеді.
Ахеменидтер дәуіріндегі мәдениет пен дінді зерттеу үшін маңызды. Басқа бір ірі жазба Ксеркстің «Дәулер туралы» дейтін жазбасы болып табылады, онда Ксеркстің көптеген ғалымдар Заратуштра есімі аталмаса да, зороастризмнің мемлекеттік дін ретінде енгізілуімен байланыстырылатын формасы баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет