Дәріс №8
Тақырыбы: Мәдениет – этностың пайда болу формасы ретінде.
Дәріс мазмұны:
Мәдениет – этносоциологиялық анализдің пәні ретінде.
Этномәдениет: құндылықтық аспект.
Мәдениет – этносоциологиялық анализдің пәні ретінде.
18 ғасырда еуропалықтар үшін мәдениет рухани, ақсүйектік белгіге ие болды. Бұл сөз адам сапасының жетілуін көрсетті. Мәдениетті деп оқыған, мінез-қлқы инабатты адамды атады. Осы дәуірдің өзінде ақ мәдениетті бір сөз сөйлей білуімен картина галериясымен. Опера театрымен, жақсы тәрбиемен байланыстырамыз.
20 ғ. Жабайы халықтарды зерттеген антропологтар бұл түсініке жаңа мән берді. Мәдениет екі түрге бөлінеді: рухани және материалдық. Рухани түріне: нормалар, ережелер,үлгілер, этолондар, мінез-құлық ережелері, моделдер, заңдар, құндылықтар, символдар, ритуалдар жатады. Олар адам іс-әрекетінің қорытындысы, тек олар сана-сезімі арқылы істелінген. Олар біздің санамызда өмір сүреді.
Екіншіге: кітап, храм, еңбек құралы, тұрғын үй, галстук, сән бұйымдары. Бұлар адам қолымен жасалынған заттар.
Мәдени мұра өткен ұрпақ қалдырған келесі ұрпаққа құнды, қасиетті нәрсе ретінде өткен рухани немесе материалдық мәдениеттің бір бөлігі. Адам қолымен жасылынған кез-келген нәрсе мәдени мұра болып қала бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |